
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек GITEX AI Central Asia & Caucasus халықаралық форумы аясында жасанды интеллект пен технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында Lenovo, Meta, Plug and Play және NDTP сынды жетекші халықаралық технологиялық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Талқылаулар аясында цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жасанды интеллектіні білім беру және ғылыми үдерістерге енгізу, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Халықаралық компаниялардың өкілдері қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға, оның ішінде білім беру бастамаларына, тағылымдамаларға және жасанды интеллект саласында мамандар даярлау бағдарламаларына қатысуға қызығушылық білдірді.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті дамытуға және цифрлық экономика мен инновациялық ортаны дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін растады.