
Өңірлік экологиялық саммит шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі «Өңірлік климаттық шешімдерді қалыптастырудағы академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» панельдік сессиясында сөз сөйлеп, ғылым, технология және білім беруді дамыту арқылы елдің климаттық сын-қатерлерге қарсы іс-қимылдың негізгі тәсілдерін белгіледі.
Сессияны ашқан министр саммиттің Мемлекет басшысының қолдауымен өтуі экологиялық күн тәртібінің Қазақстан мен Орталық Азияның бүкіл өңірі үшін де басымдыққа ие екенін айғақтайтынын атап өтті.
Министр өз сөзінде аймақ климаттың өзгеруіне ең осал болып саналатыны атап өтілді. Атап айтқанда, мұздықтардың жедел қысқаруы және гидрологиялық жүйелерге қысымның артуы қазірдің өзінде аймақ елдерінің су ресурстарының, ауыл шаруашылығының және экономикаларының тұрақтылығына әсер етуде.
Министр Қазақстан тиімді шешімдер әзірлеудің негізі ретінде ғылымға басымдық беретінін жеткізді. Елде ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар климат, су ресурстары және тұрақты ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша 61 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазіргі климаттық сын-қатерлер зерттеу күн тәртібін үйлестіруді, деректер алмасуды және ғалымдардың бірлескен жұмысын талап етеді. Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар жаһандық академиялық желілерге белсенді кірігуде, шетелдің жетекші университеттері және зерттеу ұйымдарымен бірлескен жобаларды іске асыруда, сондай-ақ зертханалар мен ғылыми инфрақұрылым құру бойынша әріптестікті дамытып келеді. Бұл жұмыс алдағы уақытта жүйелі түрде күшейтіледі.
Баяндаманың маңызды бөлігі жасанды интеллектінің рөліне арналды. Қазақстан жасанды интеллектіні артықшылық емес, мүмкіндіктерді кеңейтетін құрал ретінде қарастырады. Қазірдің өзінде жасанды интеллект климаттық модельдеу, ерте ескерту жүйелері және қоршаған ортаны мониторингтеу салаларында қолданылуда.
Елдің жетекші университеттерінің қатысуымен құрылған ұлттық академиялық есептеу кластерінің қуаты 40 петафлопстан асады. Ал пайдалануға берілген, жиынтық қуаты шамамен 4 экзафлопс болатын суперкомпьютерлер Орталық Азиядағы ең ірі есептеу инфрақұрылымына айналды. Сонымен қатар экологиялық аналитика саласындағы бұлтты шешімдерді дамыту үшін халықаралық технологиялық компаниялармен серіктестік нығайтылуда.
Кадр даярлау мәселесіне де айрықша мән берілді. Қазақстан университеттерде жасанды интеллектіні міндетті пән ретінде енгізілген алғашқы елдердің бірі болды. AI-SANA бағдарламасы аясында шамамен 600 мың студент жетекші халықаралық компаниялармен бірлесіп, жасанды интеллект бойынша оқытудан өтті. Сонымен бірге студенттер мен зерттеушілерге заманауи ЖИ құралдарына қолжетімділік қамтамасыз етілді, оның ішінде жасанды интеллект негізіндегі білім беру шешімдері ұлттық деңгейде енгізілуде.
Басты міндеттердің бірі – білім беру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Оқу бағдарламаларына мыңдаған онлайн-курс енгізілді, олардың бір бөлігі қазақ тіліне аударылған. Бұл білім беру теңсіздігін азайтуға, цифрлық және экологиялық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан жасанды интеллектіні пайдаланудан оны әзірлеу кезеңіне көшуді де басты назарда ұстап отыр. Отандық жоғары оқу орындарының студенттері қоршаған ортаны мониторингтеу және ресурстарды басқару бағыттарында қолданбалы шешімдер әзірлеуде. Ұлттық жасанды интеллект университетін құру және салалық ұйымдар консорциумын қалыптастыру осы құзыреттерді дамытуға әрі экономиканың негізгі салаларына жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған.
Сөз соңында министр климаттық сын-қатерлердің трансшекаралық сипатқа ие екенін және бірлескен күш-жігерді талап ететінін атап өтті. Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа, оның ішінде бірлескен зерттеулерге, деректер алмасуға және есептеу ресурстарын ортақ пайдалануға ашық.
«Экологиялық сын-қатерлер мінсіз емес, дер кезінде қабылданған шешімдерді талап етеді. Ғылымды, жасанды интеллектті және экологиялық мәдениетті біріктіру арқылы біз жылдамырақ, дәлірек әрі тиімді әрекет ете аламыз», – деді министр.