Қарағанды индустриялық университетінде инженерлік ғылым мен білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

Қарағанды индустриялық университетінде инженерлік ғылым мен білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

Қарағанды индустриялық университетінде инженерлік ғылым мен білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

16 сәуір күні Қарағанды индустриялық университеті базасында «Адами капиталды, техникалық білім беруді, инженерлік ғылым мен инновацияларды дамыту – мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты» атты LVI Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара ғылым, білім беру саласының өкілдерін, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық академиялық қауымдастықты біріктірді.

Пленарлық отырыстан басталған конференцияда Қазақстаннан және шетелден келген құрметті қонақтар мен жетекші сарапшылар сөз сөйледі. Инженерлік білім беруді дамыту, инновациялар және ғылымды өндіріспен ықпалдастырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Германияның Constructor University университетімен академиялық және ғылыми өзара іс-қимылды дамыту жөнінде, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы шеңберінде Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті және «Гордорсервис-Т» ЖШС қатысуымен келісім жасалды.

Сонымен қатар жаңа білім беру және ғылыми кеңістіктер – «Intellect Media Hub» студиясы және студенттердің тәжірибелік әрі зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталған екі заманауи зертхана ашылды.

Конференция жұмысы секциялық отырыстар форматында жалғасын тауып, онда 200-ден астам баяндама ұсынылды. Қатысушылар нанотехнологиялар мен цифрландырудан бастап экология және тұрақты даму мәселелеріне дейінгі кең ауқымды тақырыптарды талқылады.

Аталған конференция инженерлік ғылым мен білім беру саласында тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты дамытуға және инновацияларды ілгерілетуге маңызды алаң болды.