Ғылым қызметкерлері күні: Қайрат Қадыржановқа ҚР Мемлекеттік наградасы табысталды

Ғылым қызметкерлері күні: Қайрат Қадыржановқа ҚР Мемлекеттік наградасы табысталды

Ғылым қызметкерлері күні: Қайрат Қадыржановқа ҚР Мемлекеттік наградасы табысталды

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының атынан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Инженерлік бағыттағы зертханасының аға ғылыми қызметкері Қайрат Қадыржановқа ҚР Мемлекеттік наградасы – «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағын табыстады.

Қайрат Қадыржанов – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ядролық физика және радиациялық материалтану саласындағы көрнекті ғалым. Ол тәуелсіз Қазақстанда ядролық ғылымның қалыптасуының бастауында тұрған тұлға.

20 жыл бойы Қ.Қадыржанов Ядролық физика институтын және ҚР Ұлттық ядролық орталығын басқарды. Оның басшылығымен жүзеге асырылған жұмыстар бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын оңалтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға және радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етті.

Сонымен қатар Қ.Қадыржанов Ядролық физика институтының Астанадағы филиалын құруға белсенді атсалысты. Оның арқасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Ядролық физика институты және Біріккен ядролық зерттеулер институты (Дубна қ., Ресей) арасында үшжақты шартқа қол қойылып, «Ядролық физика» мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау үшін екі дипломдық білім берудің бірегей бағдарламасы құрылды.

Қ.Қадыржановтың ғылыми және ұйымдастырушылық қызметі Қазақстанның ядролық ғылымы мен радиациялық қауіпсіздігін дамытуға зор үлес қосып келеді.