Серіктестіктің жаңа қадамдары: Қазақстан мен Беларусь академиялық байланыстарды кеңейтеді

Серіктестіктің жаңа қадамдары: Қазақстан мен Беларусь академиялық байланыстарды кеңейтеді

Серіктестіктің жаңа қадамдары: Қазақстан мен Беларусь академиялық байланыстарды кеңейтеді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде министр Саясат Нұрбектің Беларусь Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесуі өтті. Кездесу барысында жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағыттары, сондай-ақ оны іске асырудың нақты тетіктері жан-жақты талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуге дайын екенін растады. Атап айтқанда, Қазақстанда Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындарының Ғылыми-білім беру консорциумының 10-отырысын, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары ректорларының форумын өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған іс-шаралар академиялық байланыстарды нығайтуға және жоғары білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар Беларусь Республикасында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 10-кеңесі аясында екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру мәселесін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу барысында қазақстандық жоғары білімді шетелде ілгерілету мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты тараптар Беларусь Республикасында «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесін ұйымдастыруға дайын екенін білдірді.

Министр Саясат Нұрбек Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілетінін атап өтіп, бірлескен бастамаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.