
Тараз қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының базасында «АгроХимТех» агрохимия бағытындағы ғылыми-танымдық сессия өтті. Бейіндік сессия кадрларды практикаға бағытталған даярлау жүйесін дамыту, сондай-ақ ғылым, жоғары білім және өнеркәсіптік сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайту шеңберінде ұйымдастырылды.
Іс-шара білім алушылардың ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық қызметке ерте қызығушылығын қалыптастыруға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік және химия-технологиялық экономика салалары үшін кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталды. Сессияға еліміздің өңірлерінен 9-11 сынып оқушылары шақырылды. Конкурстық іріктеу нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 431 қатысушының ішінен Шымкент қаласы, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 50 қатысушы іріктелді.
Білім беру бағдарламасы агрохимия және сабақтас бағыттар бойынша қолданбалы құзыреттерді дамытуға бағытталған зертханалық-практикалық сабақтар мен зерттеу модульдерін қамтыды. Ауысым аясында қатысушылар минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын – «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалына барып, өнімді әзірлеуден бастап өнеркәсіптік енгізуге дейінгі толық технологиялық циклмен танысты.
Сонымен қатар Мәскеу қаласынан шақырылған мамандар мен оқытушылардың қатысуымен химия саласындағы заманауи ғылыми тәсілдер мен өзекті технологиялық шешімдерді таныстыратын дәрістер мен практикаға бағытталған сабақтар енгізілді.
Бағдарламаның қорытынды кезеңі қатысушылардың жобалық жұмыстарын қорғау және ауысым қорытындыларын шығару болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Тараз қаласындағы Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалына ҰБТ-дан 70-тен жоғары балл (оның ішінде «Химия» пәнінен кемінде 5 балл) жинау шартымен қабылдау емтихандарынсыз түсу құқығы берілді. Жүлдегерлер Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына білім беру сапарына жолдама алды.
Жоба Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Ұйымдастырушылар қатарында «Қазфосфат», Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті бар.
Ауысымды іске асыру жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында ғылыми, білім беру және индустриялық әлеуетті ықпалдастырудың тиімділігін дәлелдейді.