Kozybayev University студенті Ербол Хамитов Паралимпиада–2026 чемпионы атанды

Kozybayev University студенті Ербол Хамитов Паралимпиада–2026 чемпионы атанды

Kozybayev University студенті Ербол Хамитов Паралимпиада–2026 чемпионы атанды

Қазақстандық студент-спортшы Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада-2026 ойындарында алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды. Ол парабиатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу жарысында (отырып жарысатын спортшылар арасында) үздік нәтиже көрсетті. Финалдық кезеңде Ербол Хамитов 9 минут 39,0 секунд уақыт көрсетіп, жарысты бірінші болып аяқтады.

Бұл – спортшының осы Паралимпиада ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол парашаңғы жарысында 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлдеге ие болған еді. Ербол Хамитов – Kozybayev University-дің 4-курс студенті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алады.

Айта кету керек, спортшы халықаралық аренада да бірқатар жоғары нәтижелерге қол жеткізген. 2023 жылы Ербол Хамитов отырып жарысатын спортшылар арасында шаңғы жарысының спринт түрінен әлем чемпионы атанса, 2025 жылы 12,5 км қашықтықтағы жеке жарыста әлем чемпионы болып, парабиатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңімпаз атанды.

Ербол Хамитовты жоғары жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда да жаңа жеңістерге жетуін тілейміз!