Қазақстан-Израиль диалогы: инновациялар мен кадр даярлауға басымдық

Қазақстан-Израиль диалогы: инновациялар мен кадр даярлауға басымдық

Қазақстан-Израиль диалогы: инновациялар мен кадр даярлауға басымдық

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚР Израиль Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Йоав Быстрицкиймен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы және ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ екі ел арасындағы академиялық және ғылыми серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Израиль елшісі жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жоспарланған бастамалары мен басым бағыттары туралы ақпарат беріп, израильдік университеттер мен Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттары арасындағы серіктестік байланыстарды одан әрі кеңейтуге жоғары қызығушылық білдірді.

Министр ынтымақтастық әлеуеті кадрлар даярлаудың кең ауқымын қамтитынын атап өтті. Атап айтқанда, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту мәселелері сөз болды.

Тараптар ведомствоаралық және университетаралық өзара іс-қимылды жандандыруға өзара мүдделілікті атап өтіп, білім және ғылым саласындағы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған ресми және мемлекеттік делегациялардың алдағы өзара сапарларының маңыздылығын жоғары бағалады.

Кездесу сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтіп, ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестікті кезең-кезеңімен дамытуға дайын екендіктерін растады.