Utebayev University ғалымдары жаңа халықаралық зертхананы іске қосты

Utebayev University ғалымдары жаңа халықаралық зертхананы іске қосты

Utebayev University ғалымдары жаңа халықаралық зертхананы іске қосты

Utebayev University ғалымдары қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тиімділігін арттыру бағытындағы жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті. Университет базасында су және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан полипропилен негізіндегі экологиялық таза қаптаманы зерттеу және әзірлеу мақсатында халықаралық ғылыми зертхана ашылды.

Жоба 2025-2027 жылдарға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылады. Негізгі мақсат – пластик қалдықтарының қоршаған ортаға зиянын азайту үшін биологиялық ыдырайтын полимерлі композиттерді жасау.

Зерттеу барысында ғалымдар жергілікті ресурстарды – қамыс пен ауыл шаруашылығы қалдықтарын – тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр. Арнайы құрылғыларда өңделген шикізаттар полипропилен құрылымына енгізіледі, нәтижесінде қаптаманың ыдырау мерзімі қысқарып, өндіріс шығындары азаяды.

Жоба аясында зерттеу жұмыстары Түркиядағы Karabuk University профессоры Yasin Kanbur-мен бірлесіп жүзеге асырылады. Университеттің Н.Нәдіров атындағы Мұнайхимия инженериясы және экология институтының деканы Асылбек Канбетовтің айтуынша, бастама ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, ұжымның жоғары ғылыми әлеуетін көрсетеді.

Қазіргі таңда зертхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, материалдардың қасиеттері сканерлеуші электронды микроскопия, термиялық талдау және ультракүлгін сәулеге төзімділік тестілеу әдістері арқылы тексеріліп келеді. Болашақта жаңа экоқаптамаларды тамақ өнеркәсібінде, логистика, құрылыс және медицина салаларында қолдану жоспарланып отыр.