Сәтбаев университетінде инженерлік технологиялар хабын құру мәселесі талқыланды

Сәтбаев университетінде инженерлік технологиялар хабын құру мәселесі талқыланды

Сәтбаев университетінде инженерлік технологиялар хабын құру мәселесі талқыланды

ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой Сәтбаев университетінің технологиялық парктері мен зертханаларының қызметімен танысты. Сондай-ақ университет базасында жаңа технологиялардың инженерлік хабын құру мәселесі талқыланды. Кездесу барысында инженерлік білім берудің заманауи үрдістеріне, ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Аталған бағыттар білімге негізделген экономиканы қалыптастырудың маңызды алғышарттары ретінде атап өтілді.

Қонаққа университеттің ғылыми инфрақұрылымы мен өндірістік серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан негізгі ғылыми жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешеніне арналған технологиялық парк, сондай-ақ құрылыс саласына бағытталған Technopark Stroytech инновациялық орталығының қызметі ұсынылды.

Сәтбаев университеті – әлемдік университеттер рейтингінде 331-орынды иеленген ұлттық техникалық зерттеу университеті. Университеттің ғылыми әлеуетінің артуы Kazakhmys, «Қазақалтын» және ERG сынды ірі өнеркәсіптік компаниялармен ұзақ мерзімді әріптестік келісімдер жасауға, сондай-ақ ауқымды түрде кеңейту әлеуеті жоғары бірқатар перспективалы технологиялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

Алексей Цой тау-кен металлургия кешеніне арналған Инновациялық инженерлік орталықты аралап, материалтану, тау-кен процестерін цифрлық модельдеу зертханаларына, сондай-ақ геотехникалық және гидрогеологиялық зерттеулер орталықтарына барды. Әсіресе минералдық шикізатты терең өңдеуге және өнімнің қосылған құнын арттыруға бағытталған технологияларды әзірлеу жобаларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қонақ Stroytech технологиялық паркімен танысты. Аталған парк полимербетон негізіндегі композиттік материалдардан бұйымдар әзірлейтін зертхананы қамтиды және инновациялық құрылыс шешімдерін әзірлеуге бағытталған PhD кадрларын даярлау алаңы болып саналады. Кеңесші сондай-ақ FabLab MIT инновациялық кешенінде болып, машина жасау саласының сұраныстарына бейімделген қолданбалы білім беруді кеңейтуді көздейтін микробіліктілік бағдарламаларымен танысты. Жоба Caterpillar Foundation қолдауымен Purdue University (АҚШ) университетімен бірлесіп жүзеге асырылады.