БҚУ инфрақұрылымды нығайтып жатыр: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

БҚУ инфрақұрылымды нығайтып жатыр: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

БҚУ инфрақұрылымды нығайтып жатыр: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті аумағында заманауи «Спорт сарайы» ашылды. Бұл жоба университеттің инфрақұрылымын жаңғырту аясында жүзеге асырылып, студенттердің оқу процесін қолдауға, практикалық даярлығын арттыруға және студенттік спортты дамытуға арналған. Жалпы ауданы 1 386 шаршы метрді құрайтын екі қабатты нысан университеттің өз қаражаты есебінен салынды.

«БҚУ Спорт сарайы» – оқу процесіне толық интеграцияланған заманауи оқу-жаттығу кеңістігі. Нысанның функционалдық мүмкіндіктері дене шынықтыру пәндері бойынша оқу сабақтарын өткізуге, студенттердің практикалық даярлығын ұйымдастыруға, спорт секцияларының жаттығу процесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Нысан білім беру міндеттері мен заманауи спорт инфрақұрылымын тиімді ұштастыратын бейінді оқу-жаттығу корпусының қызметін атқарады. Бірінші қабатта ауыр атлетикаға арналған жабдықтар, жалпы дене дайындығы және гимнастикаға арналған залдар орналасқан. Екінші қабатта күрес, бокс және гимнастика залдары, сондай-ақ қосымша жалпы дайындық аймағы бар.

Жаңа спорт сарайының ашылуы университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтып, білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыруға, студенттердің практикалық даярлығын арттыруға және спорттық мәдениетті қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер береді.