Жаңа технологиялар – экономиканың қозғаушы күші: студенттермен кездесу

Жаңа технологиялар – экономиканың қозғаушы күші: студенттермен кездесу

Жаңа технологиялар – экономиканың қозғаушы күші: студенттермен кездесу

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттеріне дәріс оқып, еліміздегі білім беру мен ғылым жүйесінің қазіргі жағдайы және оны дамытудың негізгі перспективалары туралы жан-жақты баяндады.

Кездесу барысында министр жоғары білім беру жүйесін жаңғырту, университеттердің академиялық дербестігін кеңейту, ғылыми зерттеулерді қолдау, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар заманауи жаһандық үрдістер мен стратегиялық маңызы бар бағыттарға, атап айтқанда, нанотехнологиялар, жасанды интеллект және робототехника салаларына айрықша назар аударылды. Министрдің айтуынша, алдағы жылдары бұл бағыттар экономикалық өсімнің негізгі драйверлеріне айналып, елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуда шешуші рөл атқарады. Осы орайда аталған салалар бойынша кадр даярлау сапасын арттыру, заманауи ғылыми зертханалар ашу және стартап-жобаларды жан-жақты қолдау қажеттігі атап өтілді.

Кездесу аясында Саясат Нұрбек студенттермен ашық диалог жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Жаңа технологияларды дамыту, цифрландыру, инновациялық экожүйе қалыптастыру және білім беру жүйесін қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімдеу мәселелері талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, министр жастардың білімді әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтіп, студенттерді ғылыми қызметпен белсенді айналысуға, инновациялық жобаларға қатысуға, жасанды интеллект пен жоғары технологиялар саласында зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ үздіксіз білім алуға ұмтылуға шақырды.