184 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ

184 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ

184 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ

2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сын 184 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 113 адам ағылшын тілінде тапсырды.

Талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.

Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Бұл жолы 19 мыңға жуық өтініш қабылданып, олардың ішінде 2 бірегей тест тапсырмасына қатысты өтініштер қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді.  

Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 19,2%-ы тапсырды. «Биология-Химия» пәндерін 16,8% таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 9,8% таңдаған «Шығармашылық емтихан» комбинациясы кірді. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 446 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

ҰБТ-ны өткізу барысында 320 ереже бұзушылық анықталды. 198 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 120 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Бейне бақылауды тексеру нәтижесінде 2 адамның сертификаты жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.