«TALQYLAU» алаңында білім мен инновация тақырыбында отырыс өтті

«TALQYLAU» алаңында білім мен инновация тақырыбында отырыс өтті

«TALQYLAU» алаңында білім мен инновация тақырыбында отырыс өтті

Бүгін «Қазақстан – білім және инновациялар мекені» тақырыбында «TALQYLAU» диалог алаңының отырысы өтті. Сараптамалық талқылау форматында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

Отырыс барысында заманауи қоғамдық және экономикалық сын-қатерлер жағдайында елдің білім беру және ғылыми саясатын дамытудың негізгі тәсілдері қарастырылды. Қатысушылар мемлекеттік саясатта адам факторының басым екенін, жеке жауапкершілік пен құқықтардың маңыздылығына ерекше мән берілетінін атап өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі өз сөзінде білім, ғылым, мәдениет және инновациялар ел болашағының стратегиялық негізі ретінде қарастырылатынын айтты. Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы ғылым мен жоғары білімнің рөліне ерекше назар аударылды. Аталған бағыт білімге, ғылыми зерттеулерге, университеттер мен технологияларға ұлттық саясат пен экономикалық өсім жүйесінде басымдық берілетінін айқындайтын нақты мемлекеттік ұстаным ретінде бағаланды.

Талқылау аясында ғылым және жоғары білім саласын конституциялық тұрғыдан бекіту академиялық ортаны дамытуға ұзақ мерзімді кепілдіктер беріп, университеттердің мәртебесін арттыруға және зерттеулер мен инновациялық қызмет үшін орнықты құқықтық негіз қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды. Аталған шаралар елдің ғылыми әлеуетін жүйелі түрде дамытуға және Қазақстанды жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялауға бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстанда Орталық Азиядағы ғылыми-зерттеу академиялық орталығын құру перспективасы қаралды. Бұл орталық халқы жалпы шамамен екі миллиард адам болатын өңірлерден келетін жастар үшін тартымды алаңға айналып, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және білім алмасуды дамытуға ықпал ететіні күтіледі.

Отырыстың пікірталас бөлімінде қатысушылар білім беру экожүйесін одан әрі дамыту, ғылым, білім және инновациялар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ белгіленген басымдықтарды іске асырудың практикалық тетіктерін айқындау мәселелері бойынша пікір алмасты.