
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық комитетінің (COMSTECH) бас үйлестірушісі, профессор Икбал Чаудримен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанның COMSTECH-пен ғылым, технологиялар және жоғары білім салаларындағы ынтымақтастығын кеңейту перспективалары, қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көпжақты бастамаларына қатысуы, сондай-ақ инженерлік және техникалық ғылымдар, жасанды интеллект, медицина, ғылыми кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру бағыттарындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар институционалдық ынтымақтастықтың ықтимал нысандары қарастырылып, оның ішінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Пәкістан Ислам Республикасындағы жоғары оқу орындарының бірінің базасында филиалын ашу мүмкіндігі, сондай-ақ COMSTECH платформасын бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру және ИЫҰ елдері арасындағы жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға арналған үйлестіруші тетік ретінде пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, сондай-ақ тараптардың академиялық және ғылыми әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.