ALT университетінде жол саласы мамандарын даярлауға арналған оқу орталығы ашылды

ALT университетінде жол саласы мамандарын даярлауға арналған оқу орталығы ашылды

ALT университетінде жол саласы мамандарын даярлауға арналған оқу орталығы ашылды

М.Тынышпаев атындағы ALT университетінде «ҚазАвтоЖол» оқу орталығының ресми ашылуы өтті. Жаңа оқу кеңістігінде Қазақстанның халықаралық және республикалық маңызға ие автомобиль жолдарын қамтитын интерактивті карта орнатылған. Оқу орталығы жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау, сондай-ақ көлік саласы мамандарының біліктілігін арттыруға арналған білім беру алаңы ретінде қызмет етеді.

Іс-шара аясында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, компания өкілдері ALT университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Меруерт Жармагамбетова және университет басшылығымен бірге оқу-өндірістік кешені және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты.

Студенттермен кездесу барысында Дархан Иманашев Қазақстандағы жол саласының дамуы, саланың өзекті мәселелері және көлік инфрақұрылымының болашағы туралы баяндап, компания қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара қорытындысында «ҚазАвтоЖол» Басқарма төрағасы практикалық бағыттағы білім берудің маңыздылығын атап өтіп, университетпен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» мен М.Тынышпаев атындағы ALT University арасындағы стратегиялық серіктестік 2024 жылғы Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен цифрландыру мәселелеріне арналған V Еуразиялық форум аясында басталып, жол саласы мамандарын даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен бекітілген.

Қазіргі таңда ұлттық компания өз бастамаларын ALT University базасында іске асыру арқылы көлік саласына арналған білім беру және ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған тұрақты серіктестік платформасын қалыптастырып келеді.