ҚарТУ-да білім беру және ғылыми жұмыстарға арналған шағын биогаз қондырғысы таныстырылды

ҚарТУ-да білім беру және ғылыми жұмыстарға арналған шағын биогаз қондырғысы таныстырылды

ҚарТУ-да білім беру және ғылыми жұмыстарға арналған шағын биогаз қондырғысы таныстырылды

Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет базасында шағын биогаз қондырғысын таныстыруға және оны білім беру мен ғылыми ортада одан әрі пайдалану мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Германия мен Қазақстан өкілдері, университет және сарапшылар қауымдастығы қатысты.

Аталған жоба Орталық Азияның тұрақты даму қоғамдық қоры «Creative Innovation Institute» тарапынан іске асырылады. Қор Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігі (DEInternational Kasachstan) өткізген ашық конкурстық іріктеудің жеңімпазы атанып, университет алаңына орналастыру үшін Германияда өндірілген nOa One M шағын биогаз қондырғысын алды.

Экологиялық жоба Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда белгілеген басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Ол қоршаған ортаны қорғау шешімдерін дамытуға және климаттық мәселелер аясында білім берудің рөлін күшейтуге бағытталған.

Қор сарапшысы Александра Харитонова жобаны және қондырғыны пайдалану моделіне арналған баяндаманы жиналғандарға ұсынды. Аталған жоба жоғары білім беру жүйесінде тұрақты дамудың практикалық бағытталған моделін қалыптастыруға бағытталған. Қондырғы инженерлік, экологиялық және ESG пәндері аясында демонстрациялық оқу объекті ретінде қолданылады, сондай-ақ цифрлық білім беру құралдарымен және авторлық PLATON 5D әдістемесімен біріктіріліп, университет базасында циркулярлық экономика технологияларын тәжірибе арқылы меңгертуге арналған «тірі зертхана» форматындағы алаң құруға мүмкіндік береді.

Биогаз қондырғысы жылына 7 тоннаға дейін органикалық қалдықтарды өңдеуге, тәулігіне 2 м³-ке дейін биогаз өндіруге және жыл сайын 18 тонна CO₂-эквивалентке дейін шығарындыларды қысқартуға мүмкіндік береді. Алынатын дигестат университет кампусы мен оқу нысандарын көгалдандыруға пайдаланылып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және химиялық тыңайтқыштарды алмастыруға ықпал етеді.

– Жобаны іске асыру университетте практикалық бағыттағы ғылым мен инновацияларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ол оқыту, зерттеу жұмыстары мен заманауи тұрақты даму технологияларын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қондырғы студенттер мен жас ғалымдар үшін тиімді оқу-тәжірибелік алаң болып, оларда «жасыл» экономика саласындағы болашаққа қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырады, – деді ҚарТУ-дың ғылым және инновация жөніндегі проректоры Али Мехтиев.