
Лондонда өтіп жатқан BETT Show 2026 халықаралық көрмесінде Қазақстан ұлттық павильоны отандық білім беру және инновациялар саласындағы жетістіктерді таныстырды. Экспозицияда Қазақстанның жетекші университеттерінің цифрландыру, жасанды интеллект және білім беру технологиялары саласындағы жобалары көрсетілді.
2026 жылғы 21-23 қаңтар аралығында ExCeL London көрме орталығында British Education Training and Technology Show (Bett Show) халықаралық білім технологиялары көрмесі өтті. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен еліміздің жетекші университеттері басшылары қатысты.
Қазақстан ұлттық павильоны цифрлық және инклюзивті білім берудің қарқынды дамуын көрсететін әлемдегі ең ірі EdTech платформасында отандық әзірлемелерді таныстырды. BETT жыл сайын 130 елден 30 000-нан астам білім мекемелерінің басшылары, оқытушылар мен инвесторларды біріктіріп, тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы шешімдерді көрсету және білім берудің болашағын қалыптастыруға арналған негізгі алаңға айналады.
Қазақстан бұл көрмеге екінші рет өз жетістіктерін таныстырып жатыр. Егер өткен жылы басты мақсат халықаралық тәжірибе мен серіктестіктерді зерттеу болса, биыл ұлттық павильон университеттердің цифрлық трансформациясы мен жоғары білім жүйесінің технологиялық дамуының нақты нәтижелерін көрсетті.
Отандық көрме ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жоғары технологиялар саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, сондай-ақ Президенттің Жолдауында 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауымен белгіленген стратегиялық курсты бейнелейді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЖОБАЛАРЫ:
✔ Nazarbayev University Bett Show 2026-да цифрлық және инклюзивті білімді дамытуға бағытталған үш стартап-жобасын таныстырды:
🔹 Alpha Education – LMS-платформа, университет бағдарламалары және AI инфрақұрылымын біріктіретін IT-білім экожүйесі, индустрияның талаптарына сәйкес білікті мамандарды даярлауға және білім өнімдерін масштабтауға арналған.
🔹 Artisan Education – инженерлік ойлауды дамытуға арналған жеке Steam-платформасын құратын EdTech-стартап. Жоба Қазақстандағы 68 мектепте енгізілген және халықаралық нарыққа шығып жатыр.
🔹 WeGlobal.AI – тәуекел тобындағы оқушыларды ерте анықтау және олардың әл-ауқатын қолдау үшін жасанды интеллект негізіндегі платформа. Қазіргі таңда 1000-нан астам Орталық Азия мектебінде қолданылады және Nazarbayev University бірге университеттер мен мектептен кейінгі ұйымдарға бейімделіп жатыр.
✔ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті BETT 2026-да жасанды интеллект, инклюзивті технологиялар және «ақылды кампус» концепциясы саласындағы серпінді жобаларды ұсынды:
🔹 Инклюзивті білім беру шешімдері: кәсіби сурдотіл аудармасымен MOOCs және инклюзивті гид, қазақ тіліндегі цифрлық аватар-сурдотіл аудармашы, лекцияларды табиғи оқи алатын эмоционалды AI-аватар.
🔹 Smart.ENU платформасы – оқу процесін жекелендіру және университет ортасын тиімді басқару үшін AI, IoT және ірі деректер талдауын біріктіретін «ақылды кампус» экожүйесі.
🔹 Лу Бань шеберханасы халықаралық жобасына ерекше назар аударылды, Тяньцзинь кәсіби институтымен (Қытай) бірлесіп жүзеге асырылып, Deep Learning, Machine Learning, Data Mining және өнеркәсіптік киберқауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандар даярлайды.
✔ Satbayev University биотехнология, медицина, агроөнеркәсіп және су тазалау саласындағы ғылыми әзірлемелерін таныстырды:
🔹 Аграрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеу және коммерцияландыруға арналған биотехнологиялық R&D орталығы.
🔹 Медициналық мақсаттағы ұзақ әрекетті көпфункционалды жараны жазатын полимерлі композициялық материал.
🔹 Аграрлық қалдықтардан алынған жеуге жарамды «ақылды» нанокомпозиттік қаптама.
🔹 Су тазалау үшін қолданылатын жоғары антисептикалық қасиеттері бар әмбебап полимерлі-сазды композиция.
✔ С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті AI HUB жобаларын таныстырып, цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін көрсетті:
🔹 Edu Data Insight – AI-ментор көмегімен студенттердің академиялық траекториясын стратегиялық басқаруға арналған аналитикалық платформа.
🔹 Edu AVATAR – автоматты контент, тест және тапсырма тексеру функциялары бар AI-аватар негізіндегі иммерсивті білім платформасы.
🔹 Интеллектуалды AI-ассистенттер – қызметкерлер мен оқытушыларға қолдау көрсетіп, рутиналық процестерді автоматтандырады.
🔹 Fixit – оқиғаларға жауап беру уақытын едәуір қысқартатын және ақпараттық қауіпсіздіктің тиімділігін арттыратын киберқауіптерді талдау платформасы.
🔹 HRtech – персоналды бағалау және кадрлық тәуекелдерді басқару жүйесі.
✔ Kozybayev University Smart City және университеттің цифрлық трансформациясы тұжырымдамасы шеңберінде қос дипломды бағдарлама студенттері әзірлеген цифрлық шешімдерді ұсына отырып, Bett Show халықаралық білім беру технологиялары көрмесіне қатысты. Ұсынылатын әзірлемелердің ішінде білім беру процестерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қолданбалы IT-өнімдер бар.
🔹 KU Timetable – оқу кестесін автоматты түрде құру жүйесі.
🔹 KU Track – жобаларды басқаруға арналған корпоративтік платформа.
🔹 District – кондоминиум объектілерін басқаруға арналған мобильді платформа.
🔹 Scroll –24/7 жұмыс істейтін, талапкерлерге кеңес беретін интеллектуалды чат-бот.
✔ Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті инженерия, цифрлық технологиялар және интердисциплинарлық зерттеулер саласындағы негізгі бағыттарын таныстырды:
🔹 Лу Бань шеберханасы – Қазақстан мен Қытай бірлескен жобасы, жасанды интеллект, AR/VR, симуляциялық кешендер мен автономды жүргізу технологиялары арқылы жаңа буын кадрларын даярлайды.
🔹 Цифрлық археология саласындағы зерттеулер – 4 мың жылдық жартасқа салынған суреттерді VR-ортада зерттеу.
✔ Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) архитектуралық мұраны сақтау және жаңарту үшін «цифрлық егіздер», 3D және AR технологияларын қолданатын цифрлық платформаны таныстырды.
✔ Cardiff University-дің алғашқы шетелдік филиалы және Russell Group университетінің Орталық Азиядағы алғашқы кампусы – Cardiff University Kazakhstan көрмеде алдағы уақытта жүзеге асатын жаңа бакалавриат және магистратура бағдарламалары туралы хабарлады. Сондай-ақ 20 гектар алаңға 10 000 студенттік жаңа кампус құрылыс жобасы ұсынылды.
Қазақстандық университеттердің BETT Show 2026 көрмесіне қатысуы цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ұлттық стратегиялардың сәтті жүзеге асырылғанын көрсетеді, елдің халықаралық беделін нығайтады және Қазақстанның әлемдік білім беру аренасында интеллектуалды және инновациялық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді.