AI-Sana бағдарламасы аясында Kozybayev University инновациялық жобаларды іске асыру

AI-Sana бағдарламасы аясында Kozybayev University инновациялық жобаларды іске асыру

AI-Sana бағдарламасы аясында Kozybayev University инновациялық жобаларды іске асыру

Мемлекет басшысы заманауи жаһандық талаптарға сай технологияларды әзірлеуге қабілетті отандық инженерлерді, зерттеушілерді және кәсіпкерлерді даярлауды стратегиялық маңызды міндет ретінде айқындады. Осыған байланысты жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту еліміз үшін ұлттық басымдыққа айналып отыр.

Жоғары білім беру жүйесінде маңызды рөл атқаратын AI-Sana бағдарламасы аясында Kozybayev University елімізде алғашқылардың бірі болып Huawei, Astana Hub және Coursera платформаларындағы жасанды интеллект курстарын 100% аяқтады. Нәтижесінде университеттің барлық студенттері жасанды интеллект бойынша базалық дағдыларды меңгерді.

Университет AI-Sana бағдарламасы шеңберінде білім беру, экономика және әлеуметтік салаларды дамытуға бағытталған бірқатар жасанды интеллект агенттерін әзірледі, атап айтқанда:

AI AntiFraud – қаржы ұйымдарындағы ықтимал алаяқтық тәуекелдерін анықтауға арналған мінез-құлықты бағалау моделі, менеджерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді;

CheckDoc – онлайн-дәрігер қызметін атқаратын, пациенттерді қолдау мен алдын ала диагностика жүргізуге арналған агент;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бот – комплаенс функцияларын орындайтын және сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша кеңес беретін жүйе;

Қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыруға арналған жасанды интеллект агенті;

«УниЭксперт» – университеттің нормативтік құжаттамасын басқаруға және құжаттарға жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған агент.

Аталған жобаларды әзірлеу жұмыстарына студенттер белсенді түрде тартылады. 2025 оқу жылында Kozybayev University IT бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде Аризона университетімен бірлескен қос дипломды бағдарламалар аясында шамамен 160 студент оқуын аяқтайды.

Сонымен қатар студенттер университеттің ішкі цифрлық инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында MyNKU мобильді қосымшасын әзірледі. Қазіргі таңда бұл қосымша оқу үдерісіне сәтті енгізіліп, түрлі өтінімдер мен деректерді қабылдаудан бастап, ішкі коммуникацияларды басқаруға дейінгі негізгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беріп отыр.