«2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары анықталды

«2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары анықталды

«2025 жылғы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық конкурстық комиссияның отырысында «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері белгілі болды. Байқау нәтижесінде өз саласында озық шыққан ең үздік оқытушылар таңдалды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы еліміздің 37 жоғары оқу орнынан 150 оқытушыға берілді. Конкурсқа еліміздің 89 жоғары оқу орнынан 502 үміткер қатысты. Конкурс барысында электрондық білім беру ресурстары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы ғылыми жарияланымдар, патенттер және оқытушылардың өзге де ғылыми нәтижелері сияқты көрсеткіштер бағаланды.

Оқытудың сапасына, үміткерлердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы 2005 жылдан бастап соңғы 20 жыл бойы жыл сайын өткізіліп келеді.

Соңғы үш жылда шекті балдың өскені байқалады. Биыл шекті балл 85 балды құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 14 балға жоғары (2022 жыл – 45 балл, 2023 жыл – 57 балл). Бұл оқытушылар құрамының жоғары бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын көрсетеді.

Аталған атақты иелену оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Конкурс жеңімпаздарының тізімімен ҚР ҒЖБМ Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.

2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленген 150 жеңімпазды құттықтаймыз!

Бұл – Министрлік жүргізіп отырған саясаттың негізгі қағидаттарының бірі болып саналатын оқытушылардың жоғары кәсібилігінің, сондай-ақ еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы.

 

Тізім