ҚР Ғылым және жоғары білім министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін, 24 желтоқсанда, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Орталық аппараты қоғамдық қабылдауы меңгерушісінің орынбасары Е.Жұмабек, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің,  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Қаржы орталығы» АҚ басшылары қатысты.

Қабылдау барысында ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік және академиялық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Барлық өтініштер бойынша түсіндірмелер беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.