Ғылым және жоғары білім министрі Корея Республикасының елшісімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Корея Республикасының елшісімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Корея Республикасының елшісімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжо Тэ-икпен кездесу өткізді.

Кездесу елші Чжо Тэ-иктің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылды. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, атап айтқанда білім, ғылым және академиялық алмасудағы серіктестікті, сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайту үшін өзара тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Министр елшіге Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы әріптестікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін, сондай-ақ екі елдің бейінді министрліктері мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан белсенді үлесі үшін алғысын білдірді. Алғыс ретінде Саясат Нұрбек Чжо Тэ-икке төсбелгі табыстады.

Сонымен қатар кездесудің аясында екі ел арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, соның ішінде академиялық байланыстарды тереңдетуге және ғылыми зерттеулер мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.