Тараз қаласында РХТУ мен Дулати университетінің бірлескен бағдарламасы бойынша алғашқы қос дипломдар табысталды

Тараз қаласында РХТУ мен Дулати университетінің бірлескен бағдарламасы бойынша алғашқы қос дипломдар табысталды

Тараз қаласында РХТУ мен Дулати университетінің бірлескен бағдарламасы бойынша алғашқы қос дипломдар табысталды

Бүгін Тараз қаласында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті бірлесіп жүзеге асырған желілік білім беру бағдарламасы бойынша түлектерге диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Бағдарлама индустриялық серіктес – «Қазфосфат» ЖШС қолдауымен іске асырылды.

Аталған бағдарлама аясында 7 студент алғашқы түлек ретінде оқуын табысты аяқтап, екі дипломға – Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің дипломдарына ие болды. Бұл – академиялық және индустриялық серіктестердің өзара тиімді ынтымақтастығы нәтижесінде қол жеткізілген алғашқы нақты бірлескен нәтиже.

Оқу желілік модель бойынша ұйымдастырылып, оның ішінде студенттердің бір оқу жылы РХТУ-дың бас университетінде (Мәскеу қаласы) білім алуы көзделді. Мұндай формат халықаралық білім беру стандарттарын енгізуге, сондай-ақ өндірістің нақты сұраныстарына бағытталған мамандарды даярлауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда барлық түлек «Қазфосфат» ЖШС кәсіпорындарына жұмысқа орналасып, өңірдің химия өнеркәсібін дамытуға өз үлестерін қосып жатыр.

Іс-шара барысында қатысушылар жобаның кезең-кезеңімен іске асырылғанын атап өтті. Алдымен желілік білім беру бағдарламасы әзірленіп, Дулати университетінің базасында РХТУ өкілдігі ашылды, ал 2024 жылдан бастап Тараз қаласында Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы өз жұмысын бастады.

Бұл жоба – мемлекет, университеттер және өндіріс арасындағы тиімді әріптестіктің үлгісі және химия саласы үшін жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлаудағы тұрақты әрі нәтижелі модель ретінде бағаланады.