Қарағандыда өнеркәсіпке арналған технологиялық шешімдер ғылыми-технологиялық сессиясы өтті

Қарағандыда өнеркәсіпке арналған технологиялық шешімдер ғылыми-технологиялық сессиясы өтті

Қарағандыда өнеркәсіпке арналған технологиялық шешімдер ғылыми-технологиялық сессиясы өтті

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабымен бірлескен екі күндік технологиялық хакатон ұйымдастырылды.  

Ашылу рәсімінде ҚарТУ-дың ғылым және инновация жөніндегі проректоры Али Мехтиев ғылыми-технологиялық сессия студенттер мен жас ғалымдарға білімдерін практикада қолдануға, нақты өндірістік тапсырмаларды шешуге және кәсіби құзыреттерін дамытуға таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті.

Студенттер, магистранттар және докторанттардан құралған 9 команда университет серіктесі «Maker» құю-машина жасау зауытының нақты өндірістік міндеттерін шешуге кірісті. Командалар алдымен кәсіпорынның өндірістік цехтарында болды, бас технологтың орынбасары Шералы Бекболатов технологиялық процеспен таныстырып өтті. Содан кейін командалар Қарағанды техникалық университеті базасындағы QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы алаңында өздері таңдаған кейстер бойынша жұмыстарын жалғастырды.

Қатысушылар кәсіпорынның бес негізгі технологиялық тапсырмасын шешумен айналысты. Атап айтқанда, полимерлі және аддитивті технологияларды қолдана отырып, пресс-қалыптарды дайындаудың балама әдістерін әзірлеу, USB тасымалдағыштарын пайдаланбай СББ станоктарына арналған бағдарламаларды қашықтан тасымалдау және түзету жүйесін құру, сондай-ақ жаңа балқыту пешіне қалыптау құмын жеделдетілген салқындату технологияларын жетілдіру бойынша шешімдерді әзірлеу тапсырылды.

Ғылыми-технологиялық сессияның екінші күні командалар өндірістік процестерге енгізілуі мүмкін инженерлік, технологиялық және ұйымдастырушылық тұжырымдамаларын қазылар алдында қорғады. Үздік жобаларды іріктеу барысында олардың технологиялық тиімділігіне, инновациялық шешімдеріне және өндіріске енгізуге дайындығына басымдық берілді.

Жүлдегер команда QarTech хабынан сертификатпен марапатталды.