Торайғыров университетінде Google DevFest Pavlodar 2025 өтті

Торайғыров университетінде Google DevFest Pavlodar 2025 өтті

Торайғыров университетінде Google DevFest Pavlodar 2025 өтті

Торайғыров университетінде Google DevFest Pavlodar 2025 форумы өтті. Бұл форум жасанды интеллект саласындағы құзыреттіліктерді дамытуға және жас мамандарды қолдауға бағытталған AI-Sana бағдарламасының мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосты.

Форумның салтанатты ашылуында университет ректоры Нұрлан Медетов жасанды интеллект технологияларын дамыту өзектілігін және цифрлық экономика үшін білікті кадр даярлаудың маңызын атап өтті. Ресми бөлімнен кейін AI-хакатон басталды.

Келесі күн қазақстандық және халықаралық сарапшылардың баяндамаларымен жалғасты. Атап айтсақ, Игорь Мартынюк өнімдік идеяларды жылдам тексеру тәсілдері туралы тәжірибесін бөліссе, Карлос Мота ым тілі арқылы инклюзивті AI-шешімдер құру тақырыбын көтерді; Senthil Kumar Murugesan Google AI негізінде нәресте жылауын аударатын жүйе жасау тәжірибесіне тоқталды, ал Влад Мишустин веб-қосымшалар жасауға арналған практикалық нұсқаулық ұсынды. Интерактивтер мен жоба таныстырылымдарымен толықтырылған бұл серия қатысушыларға жасанды интеллектіні қолданудың заманауи тәсілдерін және цифрлық шешімдер жасауды тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді, сондай-ақ AI-Sana бағдарламасының мақсаттарымен толық үйлесті.

Форум аясында AI-хакатонның қорытындысы жарияланып, 30 команда бақ сынаған жарыста 3 үздік жоба анықталды.

Google DevFest Pavlodar 2025 форумы өңір үшін елеулі оқиғаға айналды. Ол қатысушылардың практикалық құзыреттерін нығайтып, жаңа инновациялық бастамаларға серпін берді және жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қосты.