Yandex Qazaqstan бас директоры студенттермен технологиялық үрдістерді талқылады

Yandex Qazaqstan бас директоры студенттермен технологиялық үрдістерді талқылады

Yandex Qazaqstan бас директоры студенттермен технологиялық үрдістерді талқылады

Жұбанов университеті мен Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының IT мамандықтарында білім алатын студенттер Yandex Qazaqstan компаниясының бас директоры Тимур Шалекеновтың қатысуымен өткен қонақ дәріске қатысты. Кездесу барысында спикер технологиялық саланың заманауи даму үрдістері, цифрлық экожүйенің қалыптасуы және Қазақстандағы IT-нарықтың болашағы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Тимур Шалекенов Yandex Qazaqstan компаниясындағы стратегиялық бағыттар, сервистер экожүйесін кеңейту және халықаралық тәжірибені жергілікті нарыққа бейімдеу тетіктері жөнінде баяндады. Сонымен қатар BTS Digital холдингінде жетекшілік еткен кезеңіндегі «Әлеуметтік әмиян» (G2C), Жедел төлемдер жүйесі, Kassa24 электрондық сервистері және Finnovate платформасындағы токенизация жобалары туралы тәжірибесімен бөлісті. Бұл ақпарат студенттердің қаржы технологиялары мен цифрлық өнім әзірлеу саласындағы практикалық түсінігін кеңейтуге ықпал етті.

Кездесу барысында спикер университетке Yandex Cloud платформасының ғылым мен білімге арналған мүмкіндіктерін таныстырды. Оның айтуынша, Yandex Cloud білім беру саласының барлық қатысушыларына цифрлық ресурстарды қолжетімді етеді:

Студенттерге – бұлтты технологиялармен жұмыс істеуге бағытталған тегін IT-курстар ұсынылады. DevOps, киберқауіпсіздік және басқа да бағыттар бойынша білім болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін арттырады.

Оқытушыларға – оқу контентін жаңғыртуға және оқу процесіне интеграциялауға арналған дайын материалдар мен біліктілікті арттыру курстары қолжетімді.

Университеттің IT-командаларына – цифрлық инфрақұрылымды жаңарту, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту және тұрақты технологиялық орта құру мүмкіндігі беріледі.

Ғылыми зертханаларға – зерттеу уақытын қысқартып, жобаларды коммерцияландыруды жеделдететін жоғары өнімді есептеу ресурстары ұсынылады.

Студенттер қонақ дәріс барысында цифрлық трансформация, IT-нарықтағы жаңа бағыттар және технология саласының даму болашағы туралы сұрақтар қойып, ашық пікір алмасты. Кездесу болашақ IT-мамандарының кәсіби бағдарын кеңейтіп, тәжірибелік және теориялық білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.