АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ISATECH 2025 СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ISATECH 2025 СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ISATECH 2025 СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

Азаматтық авиация академиясында ISATECH 2025 халықаралық симпозиумы өтіп жатыр. Бұл шара – авиация, цифрлық технологиялар және интеллектуалды жүйелер салаларындағы заманауи үрдістер мен инновациялық шешімдерді талқылауға арналған маңызды алаң. Симпозиум SARES авиация мен энергетиканың тұрақты дамуы саласындағы ғылыми зерттеулердің халықаралық қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған.  

Симпозиум жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Вьетнам, Қытай, Қырғызстан, Латвия, АҚШ, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және басқа да елдердің ғалымдары қатысып жатыр. Сонымен қатар авиациялық кәсіпорындар өкілдері мен авиациялық технологияларды әзірлеушілер өз баяндамаларын ұсынды. Іс-шара аясында білім алмасуға және пәнаралық жобаларды қалыптастыруға арналған бірегей экожүйе құрылуына жағдай жасалды.

«Қазіргі уақытта Азаматтық авиация академиясының ғылыми әлеуеті жоғары, зерттеу инфрақұрылымы жақсы дамыған. Академия әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен, университеттерімен және авиациялық кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатқан. Осыған орай, Қазақстанның инновациялық жоғары оқу орны ретінде Азаматтық авиация академиясының халықаралық авиациялық симпозиумды өткізетін платформаға айналуы – заңды құбылыс», – деді Ғылыми қызмет жөніндегі проректор Қ.Қошеков.

ISATECH 2025 симпозиумы авиациялық үдерістердің цифрлық трансформациясы, интеллектуалды көлік жүйелері, AI және Big Data технологияларын қолдану, «жасыл» технологияларды дамыту және ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Барлығы 120-дан астам баяндама ұсынылады. Конференция халықаралық ғылыми байланыстарды дамытуға, жоғары рейтингті журналдарда жариялану мүмкіндіктерін кеңейтуге және қатысушылардың жаһандық технологиялық трендтерді түсінуіне ықпал етеді.

SARES халықаралық қауымдастығының басшысы Хикмет Каракоч:

«Бұл симпозиумға баяндамашы ретінде қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Қазіргі уақытта біз Қазақстанның Азаматтық авиация академиясымен тығыз ынтымақтастықты бастадық. Ғылымды дамыту бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Ынтымақтастығымыздың жемісті әрі табысты болуына сенемін», – деді.