«Мичурин бағы» іргетасын қалау салтанаты: Қазақстанда интенсивті бақ шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды халықаралық жобаның бастауы

«Мичурин бағы» іргетасын қалау салтанаты: Қазақстанда интенсивті бақ шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды халықаралық жобаның бастауы

«Мичурин бағы» іргетасын қалау салтанаты: Қазақстанда интенсивті бақ шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды халықаралық жобаның бастауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Ресей ғылым академиясы осы жылдың сәуір айында құрылған АӨК саласындағы Қазақстан-Ресей озық технологиялар орталығы аясында Талғар өңірлік филиалы – Алмалық ауылындағы Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институты базасында «Мичурин бағын» ашты. Жоба Қазақстан аграрлық секторының ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға, отандық селекциялық бақ шаруашылығын дамытуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

«Мичурин бағы» келесі бағыттарды біріктіретін көпфункционалды, бірегей алаң болмақ:

1. Ғылыми қызмет: Биоресурстық коллекция мен дақылдардың генетикалық қорының кеңеюі, жеміс-жидек дақылдарының жаңа болашағы бар сорттарын зерттеу және бейімдеу.

2. Өндірістік әлеует: Ресурстарды ұтымды пайдалана отырып, жоғары тауарлық өнім алуға мүмкіндік беретін жоғары интенсивті технологияларды енгізу.

ҰҒА президенті А.К.Күрішбаев өз сөзінде:

«Бұл жай ғана ғылыми жоба емес – бұл Қазақстанның жеміс шарушылығы саласын дамытуға жасалған ұзақ мерзімді инвестиция. Бақтың жалпы аумағы 3 гектарды құрайды, бүгін алғашқы көшеттер отырғызылуда. Бұлар – жоғары өнімді, стресстік факторларға төзімді, еліміздегі генофондты кеңейтіп, жаңа селекциялық бағдарламалар жасауға мүмкіндік беретін сорттар.

Мичурин бағында интенсивті бақ шаруашылығының әдістері, су, энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар пысықталады. Болашақта бұл алаң сапалы шикізаттың тұрақты базасына айналып, шырындар мен концентраттардан бастап функционалды тағам өнімдеріне дейінгі терең қайта өңдеуге жол ашады. Яғни, бұл бақтағы әрбір көшет – шикізаттық модельден ғылымға негізделген, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге жасалған нақты қадам», – деп атап өтті.

«Агропищепром» ғылыми-өндірістік орталықтың атқарушы директоры С.А.Колесников:

«Баққа тек дәстүрлі емес, сонымен қатар алма, жеміс және жидек дақылдарының ең жаңа өнеркәсіптік сорттары отырғызылды», – деп баққа отырғызылған ресейлік жеміс-жидек дақылдарының сорттары туралы айтты.

«Ресейлік серіктестермен, атап айтқанда «Сириус» Инновациялық ғылыми-технологиялық орталығымен, «Агропищепром» ғылыми-өндірістік орталығымен және И.В.Мичурин атындағы Федералдық ғылыми орталықпен бірлесіп, Қазақстан жағдайында өсіруге қолайлы, жоғары өнімді және коммерциялық тиімді сорттардың тәжірибелік учаскелері қалыптастырылатын болады. Олардың ішінде:

✔ Алма «Памяти Нестерова»: Қысқы, жоғары өнімді, ірі жемісті (300 г дейін), ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді, ұзақ сақталатын (6 айдан астам).

✔ Алмұрт «Ника»: Қызыл жемісті, экологиялық төзімділігі жоғары, ауруларға шыдамды күзгі сорт.

✔ Қараөрік «Заречная Ранняя»: Климаттық стрессорларға жоғары төзімділігі бар өнімді сорт.

✔ Таңқурай «Суламифь»: Өнімділігі жоғары, әлсіз тікенекті, хош иісті жемісті сорт.

Сонымен бірге селекцияға арналған алмұрт, шие, тәтті шие, өрік сорттары, сондай-ақ үшқат, қара және түрлі-түсті қарақат, қарлыған, қара шетен, теңіз шырғанағы, ирга, қызыл ырғай және итмұрын сияқты нишалық дақылдар да отырғызылады», – деп мәлімдеді.

Негізгі дақылдардан бөлек, бақта селекция үшін бірегей алмұрт, шие, тәтті шие, өрік сорттары, сондай-ақ балжидек, қара және түрлі-түсті қарақат, қарлыған, қара шетен, теңіз шырғанағы, ирга, қызыл ырғай және итмұрын сияқты кең спектрлі жидек және нишалық дақылдар отырғызылатын болады.

Салынған бақ – ресурстарды барынша тиімді пайдалану кезінде көпжылдық екпелердің жоғары өнімділігін қамтамасыз етуге және өнімнің тауарлық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған заманауи жоғары интенсивті бақтың үлгісі.

Мичурин бағын ашуға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Қ.Күрішбаев, Ресей ғылым академиясы президентінің орынбасары П.А.Чекмарёв, Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Бахытұлы, Ресейдің танымал «Сириус» ұйымының кеңесшісі А.А.Львов, «Талант и успех» білім беру қоры басшысының орынбасары К.М.Рагузова, ҒӨО «Агропищепром» атқарушы директоры С.А.Колесников, сондай-ақ бау-бақша бизнесінің өкілдері, жетекші аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Мичурин бағы ашық аспан астындағы табиғи зертханаға айналып, мұнда отырғызу материалы мен отырғызу сұлбасын таңдаудан бастап, жоғары сапалы жемістерді тұтынушыға жеткізу жүйесіне дейінгі ғылымға негізделген технологиялар пысықталып, енгізілетін болады.