Таза Қазақстан: Азаматтық авиация академиясында «Экологиялық мәдениетті дамыту орталығы» ашылды

Таза Қазақстан: Азаматтық авиация академиясында «Экологиялық мәдениетті дамыту орталығы» ашылды

Таза Қазақстан: Азаматтық авиация академиясында «Экологиялық мәдениетті дамыту орталығы» ашылды

Бүгін Азаматтық авиация академиясында маңызды экологиялық жоба – «Экологиялық мәдениетті дамыту орталығы» ресми түрде ашылды. Бұл бастама оқу орнындағы экологиялық мәдениетті жүйелі түрде арттыруды, студенттер мен қызметкерлерді қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен қайта өңдеу дағдыларына үйретуді мақсат етеді.

Орталықта арнайы оқыту аймағы жұмыс істейді. Мұнда студенттер мен қызметкерлер қалдықтардың қайта өңделу процесін көріп, оның кезеңдерін толық түсіне алады. Бұл тәжірибелік тәсіл экологиялық жауапкершілікті арттырып, жастардың саналы экологиялық әдеттерді қалыптастыруына жол ашады.

Оқыту бірнеше деңгейден тұрады. Теориялық бөлімде қатысушылар қалдықтардың түрлері, олардың қоршаған ортаға зияны және сұрыптау ережелерімен танысады. Практикалық сабақтарда қалдықтарды дұрыс бөлу, қоқыс көлемін азайту әдістері көрсетіледі. Сонымен қатар «Zero Waste», «Reuse», «Recycle» секілді маңызды ұғымдар түсіндіріледі. Студенттерге арналған бағдарламалар ойын түрінде, ал қызметкерлерге тренинг форматында ұйымдастырылады.

Экологиялық орталықтың ашылуы қазіргі жаһандық мәселе – қалдықтардың жыл сайын артуымен тығыз байланысты. Академияда да пластик, қағаз және органикалық қалдықтар жиі пайда болады. Сол себепті студенттердің бастамасымен басталған экологиялық жобаларды бір орталыққа біріктіру қажеттілігі туындады. Жаңа орталық қалдықтарды бөлу, қайта өңдеу және экологиялық жауапкершілік жөнінде нақты практикалық білім беруді мақсат етеді. Бұл академиядағы экологиялық мәдениетті арттырып қана қоймай, қоғамда да экосананы қалыптастыруға ықпал етеді.

Экологиялық мәдениетті дамыту орталығы – болашақ үшін жасалған нақты қадам. Ол академия қауымының экологиялық жауапкершілігін арттыра отырып, таза әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосады.