БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚТІЛДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Ақтөбеде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған алғашқы қазақ тіліндегі инновациялық мобильдік қосымшалар – «Сауатты бала» және «Дыбыстар әлемі» әзірленді. Бұл бастама – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары жүзеге асырған жобаның нәтижесі.

Жоба жетекшісі п.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Есенғұлова бастаған ғылыми топ үй жағдайында оқитын, денсаулығына байланысты шектеулері бар немесе әлеуметтену мүмкіндігі төмен балалар үшін қолайлы білім ортасын қалыптастыруды мақсат етті. Зерттеу барысында балалардың сөйлеу, танымдық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған қазақ тіліндегі заманауи контент әзірлеу басты міндеттердің бірі болды.

Профессордың айтуынша, соңғы жылдары Ақтөбе облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны айтарлықтай өсіп отыр. Осындай өсім мамандарға түсетін жүктемені арттырып, қазақ тіліндегі қолжетімді цифрлық ресурстарға деген қажеттілікті күрт күшейтті.

Соның нәтижесінде «Сауатты бала» және «Дыбыстар әлемі» мобильдік қосымшалары дайындалып, логопедиялық жаттығулар, ойын-based тапсырмалар, визуалды және аудиоматериалдар толық қамтылды. Бұл құралдар педагогтар жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуда тиімділігі жоғары екенін тәжірибелік кезең дәлелдеді. «Ақбота» арнайы балабақшасы мен Сөйлеу орталығының тәрбиеленушілері қатысқан апробация барысында балалардың сөздік қоры, артикуляциялық дағдылары, нұсқауды түсінуі және байланыстырып сөйлеуі айтарлықтай жақсарғаны анықталды.

Қазақ тілінде қолжетімді сапалы контенттің болуы ата-аналар үшін де үлкен көмек болғанын, үй жағдайында түзету және дамыту жұмыстарын жүйелі жүргізе алатынын атап өтті. Педагогтар қосымшалардың инклюзивті білім беру ортасын цифрландыруға жаңа серпін бергенін айтады.

Жоба нәтижесі – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білімге қолжетімділігін кеңейткен, сұранысы жоғары, отандық цифрлық өнім. Бұл қосымшалар өңірдегі ғана емес, еліміздегі инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға маңызды үлес қосатын құрал ретінде бағаланып отыр.