Қатардағы WISE 2025 әлемдік саммиті: Қазақстан білім беру реформаларын таныстырды

Қатардағы WISE 2025 әлемдік саммиті: Қазақстан білім беру реформаларын таныстырды

Қатардағы WISE 2025 әлемдік саммиті: Қазақстан білім беру реформаларын таныстырды

24-25 қарашада Қатар астанасында «Humanity.io: білім берудің өзегіндегі адами құндылықтар» тақырыбына арналған 12-ші Білім берудегі инновациялар бойынша әлемдік саммит (World Innovation Summit for Education, WISE) өтіп жатыр. Білім, ғылым, технология, мемлекеттік саясат және әлеуметтік даму саласының 200-ден астам жетекші мамандарын біріктірген саммитке ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

Жұмыс сессиялары барысында қатысушылар басты мәселелерді, атап айтқанда, жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында білім беру процестерінде адами құндылықтарды басымдықта сақтай отырып, оқу жүйелерін цифрлық дәуірдің талаптарына қалай бейімдеуге болатынын талқылады.

Саммит бағдарламасы білім берудегі адам қажеттіліктеріне назар аудару, инновациялық оқу модельдерін енгізу, жоғары білімдегі дағдыларды трансформациялау, білім беру саласындағы жүйелік өзгерістер, білім мен экономикалық мүмкіндіктер мен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын байланыстыру сияқты бес стратегиялық бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Форум аясында министр сондай-ақ түрлі елдердің білім беру ведомствалары басшыларын біріктірген министрлер дөңгелек үстеліне қатысты. Кездесуде жаһандық тенденциялар, тұрақты білім беру саясатының модельдері және білім беру жүйесін адамға бағдарланған тәсілде дамытудағы мемлекет рөлі талқыланды. Қатысушылар халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, ортақ мақсаттарды шешу үшін серіктестікті нығайтуға дайындықтарын білдірді.

Сонымен қатар Саясат Нұрбек Georgetown University Qatar студенттеріне «Жаһандық деңгейде әрекет – жергілікті деңгейде ойлау: білім реформалары» тақырыбында дәріс оқыды. Министр Қазақстанның білім беру жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттарын, оның ішінде әлемнің жетекші университеттерінің 40 филиалдар желісін, жасанды интеллект саласындағы ұлттық құзырет орталығы ретінде AI University құру, «Болашақ» бағдарламасын кеңейту және Coursera, NVIDIA сияқты халықаралық білім платформаларын интеграциялау арқылы жаңа буын кадрларын даярлау арқылы таныстырды.

Саммит қатысушылары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынылған бастамаларын жоғары бағалады.