Қазақстан Бангкоктағы UNESCO-ның негізгі сессияларында біліктіліктерді тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Бангкоктағы UNESCO-ның негізгі сессияларында біліктіліктерді тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Бангкоктағы UNESCO-ның негізгі сессияларында біліктіліктерді тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының делегациясы UNESCO ұйымдастырған бірқатар халықаралық іс-шараларға қатысты. Олардың қатарында Бангкок конвенциясы комитетінің 19-сессиясы, Токио конвенциясы комитетінің 6-сессиясы және APNNIC-тің 5-Пленарлық отырысы бар.

Қазақстанның біліктіліктерді танудың өңірлік тетіктеріне қатысуы елдің халықаралық білім беру кеңістігіндегі белсенді әрі сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның Бангкок конвенциясы комитетінің 19-сессиясына қатысуы

Сессия барысында Конвенция органдарының бұрынғы шешімдерінің орындалуы, UNESCO Bangkok хатшылығының есептері және елдердің Токио конвенциясын ратификациялау және іске асыру жоспарлары қаралды.

Жоғары білімді интернационализациялау офисінің басшысы А.М.Қулумжанова өз сөзінде:

✔ Қазақстанның біліктіліктерді танудың жаһандық және өңірлік тетіктеріне қатысуының стратегиялық маңызын;

✔ тану рәсімдерін цифрландыру және ұлттық ақпараттық орталықты дамыту міндетін;

✔ UNESCO-ның жаңартылған Глобалдық конвенция материалдарын қоса алғанда, халықаралық нұсқаулық құжаттарды енгізудің өзектілігін;

✔ ақпарат алмасуды кеңейту, бірыңғай стандарттарды қолдану және біліктіліктердің айқындығын арттыру арқылы өңір елдері арасындағы сенімді нығайтудың қажеттілігін атап өтті.

KFIT III (2025-2028) жобасы шеңберіндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыруға ерекше назар аударылды. Жоба мобильділікті дамытуға, тану рәсімдерін жетілдіруге және инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.

Сессия қорытындысы бойынша А.М.Қулумжанова Бангкок конвенциясы бюросының раппортёры болып сайланды. Бұл Қазақстанның өңірлік тану тетіктерінің ұйымдастырушылық және сараптамалық жұмысындағы рөлін айтарлықтай күшейтті және Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің жоғары сенімін көрсетті.

Қазақстанның APNNIC-тің 5-Пленарлық сессиясына қатысуы

Е.Т.Иргебаевтың «Plans to ratify the Tokyo Convention» панельдік сессиясындағы баяндамасы

Ұлттық орталық директорының орынбасары Е.Т.Иргебаев Токио конвенциясын ратификациялау мәселелеріне арналған панельде Қазақстанның ұстанымын таныстырды. Ол өз сөзінде:

✔ халықаралық тану тетіктерін імплементациялау бойынша Қазақстанның жүйелі іс-шараларын;

✔ заңнамалық базаны жетілдіру және Ұлттық ақпараттық орталықтың рөлін күшейту;

✔ тану рәсімдерін цифрландыру және білім саласындағы алаяқтықпен күрес шараларын;

✔Азия–Тынық мұхиты өңіріндегі өңірлік ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның үлесін атап өтті.

Баяндама қатысушылар тарапынан оң бағаланып, APNNIC аясында одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстанның дайындығын растады.

А.М.Қулумжанованың Country Spotlight сессиясындағы баяндамасы

Country Spotlight сессиясында А.М.Қулумжанова «Recognition of qualifications in higher education: A key factor in the development of international educational cooperation» тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде ол:

✔ Қазақстанда біліктіліктерді тану жүйесінің қалыптасу кезеңдерін;

✔ шетелдік дипломдар мен біліктіліктерді тануды реттейтін құқықтық базаның дамуын;

✔ цифрландыруды, құжаттарды тексеру рәсімдерінің автоматтандырылуын және халықаралық стандарттарды енгізуді қамтитын қазіргі модельді;

✔ біліктіліктерді танудың халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытудағы және академиялық мобильділікті арттырудағы рөлін баяндады.

Баяндама қатысушылардың үлкен қызығушылығын туғызып, тану рәсімдерін цифрландыру мен үйлестіру саласындағы жаңа серіктестік жобаларын кеңейтуге жол ашты.

Қазақстанның қатысу қорытындылары

Іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан:

✔ Бангкок конвенциясы бюросының раппортёры мандатын алды;

✔ тану рәсімдерін цифрландыру және білім беру алаяқтығына қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты прогресс көрсетті;

✔ APNNIC және Токио конвенциясы аясындағы ұлттық жетістіктерін ұсынды;

✔ Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен екіжақты және көпжақты байланыстарды нығайтты;

✔ біліктіліктерді танудың халықаралық құралдарын іске асыруға бейілділігін растады.