UTEBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

UTEBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

UTEBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК АЛАҢДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

Utebayev University дуалды оқытудың жаңа деңгейін қалыптастыратын бірегей жобаны іске асырып жатыр. Алғаш рет университет студенттері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗжТКЖ) қатысып, өндірістік ортада заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндік алды. Бұл – білім беру мен ғылымның нақты өндіріс алаңында тоғысқан жаңа форматы.

Атырау облысындағы «Гран» кен орнында «Ембімұнайгаз» АҚ Stryde атты әлемдегі ең озық сымсыз сейсмикалық барлау жүйесін енгізеді. Осы жоғары технологиялық жобаға Utebayev University студенттері мен жас мамандары тартылып, халықаралық деңгейде қолданылатын құралдармен жұмыс істеді.

Stryde – салмағы 150 грамм ғана болатын әлемдегі ең ықшам әрі автономды қабылдағыштар жүйесі. Ол экстремалды ауа райында 28 тәулік бойы үздіксіз жұмыс істей алады. Ал жинақталған деректерді жүктеу төрт сағат уақыт алады. Бұл сейсмикалық ақпаратты жинау жылдамдығын бірнеше есе арттырып, барлау сапасын жаңа деңгейге шығарады.

Қолданылған заманауи технологиялар кен орындарының әлеуетін әлдеқайда терең әрі дәл бағалауға, өндірістік циклін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Екі ай бойы кен орнында ғылыми-практикалық жұмыспен айналысқан студенттерді университет ректоры Гүлзада Шакуликова қабылдап, бұл тәжірибе қазақстандық мамандарды даярлауда жаңа стандарт қалыптастыратынын атап өтті.

«Гран» жобасы – ғылым, цифрлық технология және өндірістің синергиясын көрсететін инновациялық бастама. Студенттердің нақты өндіріс жағдайында ҒЗжТКЖ жобасына қатысуы – білім сапасын арттырып, ғылыми әлеуетті күшейтудің және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастырудың тиімді жолы», – деп атап өтті ректор Г.Шакуликова.

Бұл жоба – Utebayev University тарихында дуалды білім беру моделінің ҒЗжТКЖ форматында алғаш рет жүзеге асқан ерекше қадам. Енді теория тек аудиторияда ғана емес, нақты кен орнында, өндірістік міндеттерді орындай отырып бекітіледі. Бұл – университеттің инженерлік білім беруді жаңа деңгейге көтеру жолындағы маңызды стратегиялық бастамасы.