АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰШҚЫШСЫЗ АВИАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰШҚЫШСЫЗ АВИАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰШҚЫШСЫЗ АВИАЦИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Азаматтық Авиация Академиясында «Қазақстандағы ұшқышсыз көлік: инновация, білім беру және қауіпсіздік» атты сессия өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты ұшқышсыз авиация саласындағы экожүйені дамытуды және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажетті құзыреттерді талқылау болды. Қонақтар Академияның оқу-жаттығу және зертханалық орталықтарымен танысып, жаңа буын ұшқышсыз ұшу аппараттары операторлары мен инженерлерін даярлау үрдісін көрді.

Академия ректоры Бекен Сейдахметов іс-шара барысында: «Азаматтық Авиация Академиясы ұшқышсыз авиация саласында кадр даярлаудан бастап ғылыми зерттеулер жүргізу және нормативтік қолдау көрсетуге дейінгі барлық бағыттарды қамтитын құзыреттер орталығына айналуы қажет», - деп атап өтті.

2025-2031 жылдарға арналған азаматтық ұшқышсыз авиацияны дамыту тұжырымдамасы Академияға кадрларды даярлау, стандарттау және ғылыми-техникалық қолдау саласында ұлттық орталық мәртебесін бекітті. Қазіргі уақытта зертханалар құрылып, технопарк дамып келеді, дуалды оқыту жүйесі жолға қойылды. «Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жүйелер» бағдарламасының студенттері саны тұрақты өсіп жатыр.

Дрондар нарығы нормативтік-құқықтық базадан жылдам дамып келеді. Басты басымдықтар ретінде ҰҰА қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, барлық ұшқышсыз аппараттарды тіркеу, әуежайлар мен тығыз құрылыс аймақтарында ұшу мүмкіндігін шектеу және операторларды біртұтас стандарттарға сәйкес даярлау саналады. Қазіргі таңда ҰҰА қалалық әуе қозғалысы, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымды бақылау саласында белсенді қолданылады.

Ғарыштық навигация, цифрлық сервистер және жасанды интеллект жаңа мүмкіндіктерге, атап айтқанда, инфрақұрылымды бақылау, ауыл шаруашылығы өнімділігін бағалау, апаттық жағдайларға жедел әрекет етуге жол ашады.

Негізгі бағыттарына нормативтік-құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, ұшуларды тіркеу және бақылауды цифрландыру, оқу және ғылыми орталықтарды дамыту, кадрларды даярлау мен біліктілікті арттыру, мемлекеттік, ғылыми және бизнес серіктестігін кеңейту, сондай-ақ Академияның ҰҰАЖ операторларын даярлаудағы рөлін күшейту жатады. Азаматтық Авиация Академиясы ұшқышсыз авиация саласында инновациялар, ғылыми зерттеулер және кәсіби құзыреттер дамитын негізгі алаң болуды әрі қарай жалғастыруға дайын.