Ualikhanov University мен HKMU Күміс университеті аясында бірлескен курс әзірлейді

Ualikhanov University мен HKMU Күміс университеті аясында бірлескен курс әзірлейді

Ualikhanov University мен HKMU Күміс университеті аясында бірлескен курс әзірлейді

Ualikhanov University Гонконг Метрополитен университетімен (HKMU) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, академиялық алмасуды дамытуға және бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруға бағытталған жаңа стратегиялық серіктестікті бастады.

Ынтымақтастық аясында тараптар Күміс университетінің тыңдаушылары үшін бірқатар онлайн-сессиялар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл кездесулер қатысушыларға тәжірибе алмасуға, аға буынға арналған мәдени және білім беру мүмкіндіктерімен танысуға, сондай-ақ халықаралық білім беру жобаларына қатысуға жол ашады.

Серіктестіктің тағы бір маңызды бағыты – Күміс университеті бағдарламасы аясында бірлескен оқу курсын әзірлеу. Жаңа курс тыңдаушыларға серіктес университеттің оқу ресурстарын пайдалана отырып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге және халықаралық білім беру кеңістігінде өз құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Hong Kong Metropolitan University – бизнес, IT, туризм және қонақжайлылық салаларындағы сапалы бағдарламаларымен танымал, Гонконгтың жетекші заманауи университеттерінің бірі. Университет сондай-ақ Күміс университеті бағытын белсенді дамытып, үшінші жастағы адамдарға үздіксіз білім алуға және халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік жасап келеді. Ualikhanov University де бұл бағытты жүйелі түрде дамытып, бүгінгі күні Үшінші жастағы университеттердің халықаралық қауымдастығының (IAUTA) толыққанды мүшесі.

«Үшінші жастағы университеттері» – бұл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен мемлекеттік жоғары оқу орындары базасында іске асырылып жатқан, Президенттің белсенді ұзақ өмір сүру мен егде жастағы адамдарға арналған білім беруді дамыту мәселелеріне айрықша назар аударуы аясында жүзеге асып жатқан маңызды әлеуметтік-білім беру жобасы.