ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Иран Ислам Республикасы елшісімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Иран Ислам Республикасы елшісімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Иран Ислам Республикасы елшісімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті.

Кездесу барысында министр елшіге Қазақстандағы жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту мен нығайтуға бағытталған министрлік жүргізіп отырған реформалармен таныстырып, сондай-ақ елді Орталық Азиядағы өңірлік білім беру орталығы ретінде таныстырды. Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы көп ғасырлық тарихи-мәдени байланыстардың тереңдігін атап өтті және жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің жоғары әлеуетін белгіледі. Сондай-ақ академиялық және зерттеушілік алмасуды кеңейту перспективалары, QazInnovations қатысуымен бірлескен инновациялық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстанның жетекші университеттері мен елдегі шетелдік университет филиалдарының қатысуымен Иранда «Study in Kazakhstan» білім көрмесін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар тараптар екі мемлекеттің ғылыми қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Иранда ғылыми көрме мен конференция ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Қол жеткізілген келісімдер Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастыққа жаңа, динамикалық мазмұн беріп, жоғары білім, ғылым және инновациялар саласында тұрақты серіктестікті қалыптастыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.