«Мамандығым – болашағым»: Атырау облысында жаңа мамандықтарды анықтауға арналған форсайт-сессия басталды

«Мамандығым – болашағым»: Атырау облысында жаңа мамандықтарды анықтауға арналған форсайт-сессия басталды

«Мамандығым – болашағым»: Атырау облысында жаңа мамандықтарды анықтауға арналған форсайт-сессия басталды

Utebayev University-де «Мамандығым – болашағым» республикалық жобасы аясында аймақтың болашақ кадрлық сұранысын алдын ала болжау және өңір экономикасының трансформациясына қажет жаңа мамандықтарды айқындау мақсатында ауқымды форсайт-сессия өтіп жатыр. Іс-шараға қатысушылар екі күн бойы «Туризм», «ІТ индустриясы», «Агроөнеркәсіп кешені», «Өңдеу өнеркәсібі» және «Тамақ өнеркәсібі» салалары бойынша негізгі трендтерді анықтап, келешекте сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтардың тізімін нақтылайды.

Университет 2021 жылдан бастап өңірдің кадр қажеттіліктері картасын жасауды қолға алды. Осы уақыт ішінде аймақ экономикасының даму динамикасын, еңбек нарығындағы өзгерістерді және салалардағы трансформация процестерін жан-жақты зерттеп келеді. Форсайт-сессия нәтижесінде Utebayev University жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, заманауи құзыреттерді енгізуді, еңбек нарығына толық бейімделген кадр даярлау моделін қалыптастыруды мақсат етеді.

Университет ректоры Гүлзада Шакуликова іс-шараның стратегиялық маңызын атап өтіп:

«Бұл бастама аймақ болашағына, жастардың кәсіби өсуіне және өңірлік экономиканың тұрақты дамуына бағытталған. «Мамандығым – болашағым» жобасы жастарға еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктерді таныстырумен бірге кәсіби траекториясын стратегиялық жоспарлауға жол ашады», – деді.

Сессия жұмысына бес бағыт бойынша 100-ден астам сарапшы қатысып, ортақ талқылау арқылы өңірдің жаңа кәсіби келбетін қалыптастыруға үлес қосып жатыр.