Buketov University ғылыми монографиясы Сеулде таныстырылды

Buketov University ғылыми монографиясы Сеулде таныстырылды

Buketov University ғылыми монографиясы Сеулде таныстырылды

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің делегациясы QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2025 халықаралық форумына қатысты. Ауқымды жиын Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім берудің даму үрдістері, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

Сеул қаласында университет өкілдері Korea Foundation алаңында «Қазақстандағы корейлердің тарихи-мәдени мұрасы» атты ғылыми монографияны таныстырды. Ішкі грант аясында жарық көрген бұл еңбек – Қазақстандағы корей диаспорасының тарихын жеке тағдырлар мен архивтік деректер негізінде баяндайтын бірегей зерттеу.

Сондай-ақ делегация Сеулдегі Сунгсин әйелдер университетінде (Sungshin Women’s University) ресми кездесу өткізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатта ғылыми зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлықты дамыту, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейту бағыттары қамтылды. Сапар аясында университет ғалымдарының еңбектері Ханкен ұлттық университетіне және Сувон университетінің профессоры Пак Хванға табысталды.

Бұл сапар Қазақстан мен Корея Республикасының арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, мәдени байланыстарды тереңдетудің маңызды қадамын көрсетті.