Жоғары білім мен ғылымды дамытудағы негізгі бағыттар

Жоғары білім мен ғылымды дамытудағы негізгі бағыттар

Біріншіден, Қазақстанда шетелдік университеттердің 40 филиалының желісі дамып келеді. Бағдарламалардың 85%-ы жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, инженерия, жаратылыстану және техникалық ғылымдар сияқты жоғары технологиялық бағыттарға арналған.

Екіншіден, филиалдар академиялық туризмнің дамуына ықпал етеді. Қазақстанда 31 500 шетелдік студент білім алып жатыр – бұл тарихи көрсеткіш. Study in Kazakhstan науқаны жүзеге асырылады: көрмелер Ұлыбританияда, Әзербайжанда, Пәкістанда және Қытайда өтті, ал 2025-2026 жылдары бірқатар Азия және Таяу Шығыс елдерінде өткізу жоспарланған.

Үшіншіден, филиалдар өңірлердің қажеттіліктеріне сай ашылып, заманауи білім стандарттары енгізіліп жатыр.

Төртіншіден, жоғары білімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі артып жатыр. THE-2026 рейтингіне бес қазақстандық университет енді. NU әлемнің топ-500 қатарына кірді, алғаш рет Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университеті енгізілді. Университеттердің орташа көрсеткіші 2,5 баллға жақсарды. Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге 98 000 грант бөлінді.

Бесіншіден, білім берудің қолжетімділігін арттыру. Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін 4 жаңа құрал енгізілді: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы; «Келешек» жинақтау жүйесі; жеңілдетілген білім несиелері және сараланған гранттар. Мемлекет пен ата-аналар бірлесіп білім беруге инвестиция салатын жүйе құрылды.

Алтыншыдан, ғылым мен инновацияны дамыту. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданып, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге құқықтық негіз қаланды.

Жетіншіден, барлық студенттердің жасанды интеллект пен кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған AI-Sana бағдарламасы іске асып жатыр. 549 мың студент оқытылып, 137 ЖИ агенті жасалды.

Бұл шаралар кешені өңірлік жоғары оқу орындарының халықаралық зерттеу университеттеріне айналуына, технология трансферін дамытуға және академиялық білім кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.