Елордада Республика күніне арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Елордада Республика күніне арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Елордада Республика күніне арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

ҚР Президенттік орталығында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі кезең және дамудың жаңа қырлары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдаудың маңызды кезеңдерін талқылау, оның тарихи маңызын ашу және жаңа саяси жағдайда тәуелсіз Қазақстанның дамуының басым бағыттарын айқындау болды.

Конференция барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек модератор ретінде сөз сөйлеп, қатысушыларды келе жатқан ұлттық мерекемен құттықтады. Ол халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның Республика күні қарсаңында өтуінің терең символдық мәні бар екенін атап өтті.

«Бұл күн – ұлттық жылнамамыздағы озық ойлы ұлт қалыптастыруға бағытталған ірі өзгерістердің символы. Әділетті мемлекет құру жолында тәуелсіз Қазақстан «Жасанды интеллект дәуіріне» қадам басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы үш жылда еліміздің жаппай цифрлық елге айналу бағытын айқындады.

Университеттер қазіргі жаһандық талаптарға сай, озық технологияларды жасауға қабілетті жаңа буын отандық мамандарды даярлап жатыр. Биыл AI-Sana бағдарламасын іске қостық, оның аясында 549 мыңнан астам студент жасанды интеллект бойынша мамандандырылған сертификаттар алды. Сонымен қатар елімізде жетекші шетелдік университеттердің филиалдары ашылып жатыр, бұл болашақ ұрпақтың сапалы білім мен заманауи технологияға қол жеткізуіне жол ашады. Терең білімге құштар азаматтарымыздың сұранысын қанағаттандыру да қазіргі тарих алдындағы біздің жауапкершілігіміз саналады», – деді министр.   

Жиында сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі С.Раднарагча, АӨСШК Бас хатшысы Қ.Сарыбай, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, Сенат депутаты Н.Жүсіп, ҚР Президенттік орталығының директоры Б.Темірболат, Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Ә.Байменов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы А.Рогов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Ниязова, Мәжіліс депутаты Е.Әбіл, мемлекет және қоғам қайраткерлері А.Жаганова баяндама жасады. Сонымен қатар Мемлекет тарихы институтының директоры Н.Пұсырманов ғылыми монографиялардың тұсаукесерін өткізді.

Бұл диалог алаңы ұлттық мемлекеттілікті нығайту, Әділетті Қазақстанды құру, елдегі саяси институттардың эволюциясы, интеллектуалды тарих пен қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын дамыту мәселелері бойынша пікір мен идеялар алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шараға Парламент пен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатарынан 250-ден астам адам қатысты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы бойынша Қарар қабылданды.