Инклюзивті білім берудегі инновациялар: жасанды интеллект және заманауи технологиялар

Инклюзивті білім берудегі инновациялар: жасанды интеллект және заманауи технологиялар

Инклюзивті білім берудегі инновациялар: жасанды интеллект және заманауи технологиялар

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ерекше қажеттіліктері бар және аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау үшін жасанды интеллект пен заманауи технологияларды пайдалану, инклюзия мәдениетін қалыптастыру және педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді модернизациялау» жобасы аясында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және білім беру ұйымдарының мамандарын АВА мінез-құлқын қолданбалы талдауға және ADOS-2 аутизмді ерте диагностикалау әдістемесіне оқыту жүргізілді. Оқу курсын жоғары оқу орнының 67 ПОҚ пен білім беру ұйымдарының мамандары сәтті аяқтады және RBT – «Registered Behavior Technician» – «Тіркелген мінез-құлық инструкторы» біліктілігін бере отырып, халықаралық үлгідегі сертификаттар алды. Бұл сертификат аутизм спектрі бұзылған балалардың мінез-құлық бұзылыстарын түзету бойынша жұмыс істеуге және олардың ата-аналарына сапалы кеңес беруге мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаны әзірлеуші және курс жетекшісі Зухра Измайлова-Камар халықаралық мінез-құлықты талдау бойынша эксперт, «Azbuka ABA» мектебінің негізін қалаушы және директоры (Оттава, Канада) болған.

Оқуды аяқтағаннан кейін Зухра Измайлова «Арнайы педагогика» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жетекші жоғары оқу орындарының бірінде мінез-құлықты қолданбалы талдау кафедрасын ашуды ұсынды.

Жобаның тұрақтылығы мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында кафедра ашу ұсынылды.

Қазіргі уақытта мінез-құлықты қолданбалы талдау зертханасын ашу, оны кейіннен ғылыми кафедра ретінде қайта құру мәселесі талқыланып жатыр.  

Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық ауқымдағы іс-шараны өткізу үшін платформаны ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар инклюзияны, цифрлық сауаттылықты және тұрақты білім беруді дамытудың жаңа тәсілдері зерделенетін зияткерлік кеңістікті қалыптастырады.