Торайғыров университетінің ғалымдары ғылыми зерттемелерін Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа және аймақтың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларына таныстырды. Кездесу жоғары оқу орнының 65 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында өтті.
ToU қонақтарына университеттің ғалымдары мен қызметкерлері жұмыс істеп жатқан 30-ға жуық жоба таныстырылды. Олардың қатарында коммерциялық бағытқа қоюға болатын ғылыми-зерттеу әзірлемелері де бар. Аймақ басшысы ғылыми қоғамдастықтың өнімділігін атап өтіп, одан әрі жұмыстарына табыс тіледі.
– Біз ғылымды ілгерілетуге және жоғары білім беру жүйесін дамытуға мүдделі барлық тараптармен ынтымақтастыққа ашықпыз. ToU сұранысқа ие, білікті кадрларды даярлау үшін жергілікті атқарушы органдармен және бизнеспен барынша ынтымақтастыққа бағытталған. Бүгінгі таңда университет экономиканың әртүрлі салаларындағы 256 түрлі кәсіпорындар және компаниялармен өзара байланыс орнатқан. Бұл бізге еңбек нарығындағы сұранысқа байланысты білім беру процесін өзекті етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ЖОО ректоры Нұрлан Медетов.
Инновациялық білім беру бағдарламалары аясында студенттер негізгі біліктілікпен қатар микробіліктілік қабілеттерін ала алады. Соңғы екі жылда оны 40-тан астам білім алушы растады, олар қазірдің өзінде кәсіпорындарда еңбек ете алады.
Іс-шара аясында студенттер жасанды интеллект саласындағы бірнеше әзірлемені ұсынды. Бұл құжаттарды мониторингілеуге арналған ЖИ-агент, талапкерлерді қабылдау процесін оңтайландыратын ToU Document жүйесі, ғылыми мақалаларды талдауға арналған AI Scientometer платформасы, өздігінен дайындалуға арналған Tests Platform, Medical Assistance Telegram-боты және ЖИ көмегімен жаңалықтар жасауға арналған Neuro News жобасы. Мұның бәрі AI-SANA жобасын іске асырудың арқасында мүмкін болды. Республикалық бағдарлама аясында Торайғыров университетінің 10 мыңнан астам студенті жасанды интеллектпен жұмыс істеудің дағдыларын меңгерді.