ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің делегациясымен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің делегациясымен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің делегациясымен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Ресей ғылым академиясының (РҒА) Сібір бөлімшесінің өкілдерімен кездесті. Делегацияны РҒА вице-президенті, Сібір бөлімшесінің төрағасы Валентин Пармон басқарды. Делегация құрамында Новосібір облысындағы Кольцово жұмысшы кентінің әкімі Николай Красников, «Академпарк» АҚ бас директоры Дмитрий Верховод және бизнес өкілдері болды.

Биыл мамыр айында Қазақстан делегациясы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің басшылығымен Новосібір облысындағы ғылым қалашығына барып, ғылымға негізделген аумақтарды дамыту жөніндегі Ресейдің тәжірибесімен танысқан болатын.

Кездесу ғылыми-технологиялық саладағы қазақстандық-ресейлік әріптестікті нығайтуға бағытталды. Әсіресе жоғары технологиялық аумақтарды қалыптастыру мен дамыту бойынша озық тәжірибелерді алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр атап өткендей, ғылым қалашықтарын құру жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды жедел дамытуға бағытталған бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді.

«Ғылым мен инновацияны дамыту – елдің жаңа экономикалық даму бағытының негізгі басымдықтарының бірі. Бүгінде елімізде 27 146 ғалым жұмыс істейді, олардың 47 пайызы – жас зерттеушілер. Елде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын 423 ұйым бар. Осы тұрғыда ғылым қалашықтары ғылыми зерттеулерді, білім беруді, өндірісті және ғалымдарға жайлы өмір сүру ортасын біріктіретін толыққанды инновациялық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді министр.

Кездесу барысында РҒА Сібір бөлімшесінің өкілдері өңірдің инновациялық дамуының қолданыстағы моделін таныстырды. Ол «Лаврентьев тетраэдры» қағидасына негізделген және дәстүрлі «ғылым – білім – өндіріс» үштағанының кеңейтілген тұжырымдамасы. Мұнда төртінші қыр ретінде тұрақты ғылыми-технологиялық экожүйенің байланыстырушы буыны саналатын мемлекеттік басқару жүйесі қарастырылады. Сондай-ақ Сібір бөлімшесінің төрағасы Валентин Пармон министрді Қазақстан Республикасының Сібір бөлімшесімен ғылыми-техникалық және білім беру ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін академик Гурий Иванович Марчуктың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық медальмен марапаттады.

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі – үш академқалашықты, Новосібір мемлекеттік университетін және ондаған ғылыми-зерттеу институттарын біріктіретін ең ірі ғылыми-инновациялық кластерлердің бірі.

Кездесу қорытындысы бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, сондай-ақ ғылымға негізделген аумақтарды құру және дамыту саласындағы тәжірибе алмасу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.