ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта өткен акцияға қатысып, ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш отырғызды.

Жалпыұлттық экологиялық шара аясында биыл республика бойынша 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылды. Бұл бастама еліміздің барлық өңірінде кең қолдау тауып, табиғатты қорғауға бағытталған қоғамдық қозғалысқа айналып келеді.

Осы игі бастаманы қолдай отырып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және министрлік ұжымы да елордада ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Министрлік қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақты тазалап, ағаштар мен бұталар отырғызды, сондай-ақ қоғамдық орындардағы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

Сенбілік барысында қатысушылар экологиялық жауапкершіліктің әрбір азамат үшін маңызын атап өтіп, қоршаған ортаны таза ұстау – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндет екенін жеткізді.

«Таза Қазақстан» акциясы жыл сайынғы дәстүрге айналып, еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатты аялау жөніндегі қоғамдық сананы күшейтуге және жастарды қоршаған орта мәселелеріне бейжай қарамауға үндейді.