Ғылым министрлігі мен қоғамдық ұйымдар білім беру саясатын бірлесіп жүзеге асыру мәселесін талқылады

Бүгін, 6 қазан күні, Қазақстанның XII Азаматтық форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева мен Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова қатысты.

Кездесу барысында министрліктің қазіргі қызметі мен азаматтық қоғамның жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға қатысуы талқыланды.

Бүгінде Қазақстанда шамамен 680 мың студент білім алады. Осыған байланысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді, атап айтқанда, әлеуметтік белсенді жастарға білім беру гранттарын ұсыну, жеңілдік санатындағы студенттерді қолдау, жастар арасында волонтерлік қызметті дамыту, педагог-психологтарды даярлау мәселелері.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтық қоғамның жоғары білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуын күшейту туралы шешім қабылданды.