Alikhan Bokeikhan University Италияның жетекші зерттеу институтымен ынтымақтастық келісімін жасасты

Alikhan Bokeikhan University Италияның жетекші зерттеу институтымен ынтымақтастық келісімін жасасты

Alikhan Bokeikhan University Италияның жетекші зерттеу институтымен ынтымақтастық келісімін жасасты

Кеше, 29 қыркүйекте, Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Президенті Серджо Маттарелла екі елдің білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеді.

Осы күні Alikhan Bokeikhan University делегациясы Италияның Оңтүстік Тироль өңіріндегі жетекші зерттеу институттарының бірі – Eurac Research ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам ғылым мен білім саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Келісім аясында экономика, орнықты даму, су ресурстары, қоршаған ортаны бақылау, IT және басқа да өзекті бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Eurac Research әлемнің бес құрлығындағы 60-тан астам елдің зерттеу желілерімен әріптестік орнатқан. Зерттеу орталығы Альпілік және Карпат конвенциялары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы (ЮНЕП), Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) және басқа да бірқатар ғарыш агенттіктерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сондай-ақ Институт БҰҰ-ның ресми кеңсесі әрі Италиядағы БҰҰ Университетінің (УООН) жалғыз штаб-пәтері ретінде қызмет атқарады. Бұдан бөлек, Eurac Research Еуропа Кеңесі сынды еуропалық ұйымдармен де серіктестік орнатқан.