AI Futures Summit: Қазақстан ғылым және білім саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтады

AI Futures Summit: Қазақстан ғылым және білім саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтады

AI Futures Summit: Қазақстан ғылым және білім саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әбу-Дабиде (БАӘ) өткен AI Futures Summit – Empowering Higher Education халықаралық саммитіне қатысты. Іс-шара Khalifa University базасында ұйымдастырылып, жоғары білім саласындағы жасанды интеллектінің болашағы, ұлттық саясат пен серіктестіктің рөлі талқыланды.

Министр Саясат Нұрбек саммиттің «Shaping National Futures Through Policy, Partnerships, and Innovation» атты отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның жоғары білім мен ғылымды цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы стратегиялық бастамалары жөнінде баяндады.

Саммит аясында министр ҚР БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек, Халықаралық университеттер қауымдастығының Бас хатшысы, профессор Амр Эззат Салама, Sorbonne University Abu Dhabi, профессор Натали Марсиаль-Браз, Knowledge E компаниясының басшысы Камран Карданмен екіжақты кездесулер өткізді.  

Іссапар нәтижесінде қазақстандық жоғары оқу орындары мен жетекші шетелдік университеттер арасында ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық бағдарламаларды дамыту мәселелері талқыланды.