ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында вице-министр ғылым және жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар мен өтініштерді тыңдады.
Азаматтар көтерген негізгі сұрақтар жоғары оқу орындарының қызметіне, жоғары білім алуға және магистратураға түсу мүмкіндіктеріне қатысты болды. Сондай-ақ қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын ұсынып, жұмыстың тиімділігіне байланысты мәселелерді атап өтті және ғылыми қызметті қолдау жөнінде ұсыныстар білдірді.
Вице-министр әрбір өтінішке жан-жақты түсініктеме беріп, министрліктің жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол бұл саладағы мәселелерді шешуде халықпен өзара байланыстың маңыздылығын ерекше айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр түскен ұсыныстар мен өтініштердің тиісті департаменттерге жолданып, министрлік жұмысына енгізілуін тапсырды.