ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Эстония өкілдерімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Эстония өкілдерімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Эстония өкілдерімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Эстония Сыртқы істер министрінің орынбасары Мартин Рогер мен Эстонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Орамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ғылым, жоғары білім, цифрландыру және инновациялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде:

«Қазақстан ғылымы мен жоғары білім жүйесінің басты басымдығы – халықаралық әріптестікті дамыту. Біз тәжірибе алмасу арқылы инновациялық жобаларды ілгерілетіп, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге мүдделіміз. Бұл қадам екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ұзақмерзімді болашағын айқындайды», – деді.

Тараптар ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілігін, сондай-ақ екіжақты күн тәртібі аясында қосымша бастамаларды қарастыруға дайын екендіктерін растады.

Кездесу екі ел арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам болып саналады.