inVision U by inDrive университеті Foundation бағдарламасын іске қосты

inVision U by inDrive университеті Foundation бағдарламасын іске қосты

inVision U by inDrive университеті Foundation бағдарламасын іске қосты

inDrive компаниясының кеңсесінде Orientation Day іс-шарасы өтті. Осы күні inVision U университеті Foundation бағдарламасын ресми түрде іске қосып, алғашқы студенттерін қарсы алды.

Жобаға қатысушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен – Шымкент пен Тараздан бастап, Ақмола облысы, Ақтөбе және Батыс Қазақстаннан келді. Барлығы 965 өтініштің ішінен мотивациясы мен мақсаттары inVision U-дың құндылықтарына барынша сәйкес келетін талапкерлер таңдап алынды.

Orientation Day барысында студенттер оқытушылар мен университет командасымен танысып, алғашқы оқу жиынтықтарын, жеке ID-карталарын алды және алғашқы естелік суреттерін жасады. Осы сәттен бастап олар қолдау мен өзара құрметті сезінетін жаңа қауымдастықтың негізін қалады.

Студенттерді құттықтауға Kundelik, Kommunity, IDP IELTS Kazakhstan және өзге де серіктес ұйымдардың өкілдері келді. Олар университеттің еркіндік, жауапкершілік, құрмет және дамуға ұмтылыс сынды ортақ құндылықтары туралы тілге тиек етті.

Foundation бағдарламасы – жай ғана бакалавриат алдындағы дайындық емес. Бұл – өзгерістерге бейімделе алатын және өз қауымдастығы мен еліне үлес қосуға дайын болашақ көшбасшыларды қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесі.        

«Көптен бергі арманымдағы маңызды қадам – біз inVision U университетінің Foundation Year бағдарламасына алғашқы студенттерді қабылдадық! Қазақстанның барлық өңірлерінен түскен мыңға жуық өтініштің ішінен біз идеясы мен қабілеті inVision U-дың миссиясына барынша сай келетін жастарды таңдадық. Олардың көпшілігі бұрын сапалы білім алуға тең мүмкіндікке ие болмаған. Біз оларға әлеуметтік лифт ұсынып, әлемді өзгертуге мүмкіндік береміз. Барлық оқу мен тұру шығынын inDrive және жеке өзім қамтамасыз етемін. Әріптестерімізге, ең алдымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке және Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаевқа алғыс айтамын», – деді inVision U университетінің негізін қалаушы және inDrive компаниясының бас директоры Арсен Томский.

Университеттің ашылуына орай 26 қыркүйек күні inVision U «Жасанды интеллект дәуіріндегі университеттер» атты білім беру форумын өткізеді.

inDrive – 48 елдің 982 қаласында қызмет көрсететін жаһандық қалалық және көлік сервистері платформасы. Өз миссиясына сәйкес, inDrive 2030 жылға қарай миллиардтаған адамның өміріне оң ықпал етуді мақсат етеді. Бұл мақсатқа компания әділ баға белгілеу арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайтын негізгі қызметтерімен қатар, Қазақстандағы білім, спорт, өнер және технология саласындағы әлеуметтік жобалары арқылы да жетуде.

inVision U университеті – осы бағыттағы ең ауқымды бастамалардың бірі. Ол Қазақстанның өңірлерінен шыққан студенттерге тең мүмкіндік беру үшін барлық оқу бағдарламаларына толық грант ұсынып, сапалы білімге жол ашуды көздейді.